Архив событий

20/01/2017

Әкімшілік іс бойынша брифинг өтті

20/01/2017

Сырдария аудандық сотының судьясы Ж.Жолдасов жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг жүргізді.

Шара барысында судья Ж.Жолдасов сотта құқық бұзушы Ы-ға қатысты қаралған әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ы. көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адам бола тұра, өзінің басқаруындағы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.

Қармақшы аудандық сотында 2016 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

20/01/2017

Қармақшы аудандық сотында 2016 жылғы соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз мәжілісі өтті.

Іс-шараға  аудандық сот төрағасы мен судьялары, сот кеңсесінің қызметкерлері, жергілікті тілшілер, аудандық прокуратура өкілі және кәсіпқой емес медиатор қатысты.

Жиында аудандық соттың 2016 жылдың 12 айында атқарған жұмыс қорытындылары талқыға салынып, істердің қарау нәтижесі туралы баяндалды.

Қылмыстық іс рақымшылық жасау туралы заңымен қысқарды

20/01/2017

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен сотталушы Ә-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мән-жайы бойынша, сотталушы Ә. өзінің басқаруындағы автокөлігін басқарып, Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы ережесінің» 10.1 тармағының талабын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде басқаруындағы автокөліктің ішіндегі жәбірленуші Р. алған дене жарақаттарының салдарынан ауруханада қайтыс болған.

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

20/01/2017

Жаңақорған аудандық сотында азаматтарды қабылдау күні өткізілді.

Сот төрағасы Н.О.Қосановтың қабылдауына Жаңақорған ауданының 3 тұрғыны келіп, өздерінің шешілмей жүрген мәселерімен кеңестерін алды.

Атап көрсеткенде, азамат Ж.Абишев 2016 жылы тұрғын үйіне газ жылу құбырын орнату үшін азамат Е.Қадыровпен ауызша келісімге отырып, оған алдын ала 400 000 теңге төлегенін, алайда ол азамат бүгінгі күнге дейін не жылу орнатпағанын, не ақшасын қайтармағанын айтып, осыған байланысты жасауға болатын шаралар жөнінде сұрады.

Әкімшілік іс бойынша қамаққа алынды

20/01/2017

Шиелі аудандық сотында ӘКБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған құқық бұзушы И-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, құқық бұзушы И. көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, спирттік ішімдік ішкен масаң күйде автокөлігін басқарған. 

Сотта құқық бұзушы И. жасаған кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен азамат И. кінәлі деп танылып, 20 тәулікке қамаққа алу жазасына тартылды.

5 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды

20/01/2017

Қазалы аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. автокөлігін алкогольмен масаю күйінде басқарып, азамат Е-ның басқаруындағы автокөлігінің артқы жағынан соғып, мүліктік шығын келтірген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Алимент төлемегені үшін қамаққа алу жазасы тағайындалды

20/01/2017

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы К. кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырап бағу үшін барлық табысының ½ бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт бойы орындамаған. Осының нәтижесінде оның алимент бойынша берешегі 459 102 теңгені құраған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен жауапкершілікке тартылып, оған төрт тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Алкоголизмнен мәжбүрлеп емделуге жіберілді

20/01/2017

Шиелі аудандық сотында «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының азамат А-ға алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арыздары бойынша азаматтық іс қаралды.

Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралып қарыз ақша өндірілді

20/01/2017

Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы К-ның жауапкер Б-дан  қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс  қаралды.

Сотта, жауапкердің талап қоюшыдан 130 000 теңге қарыз ақша алғаны және оны белгіленген уақытта қайтарып беруге міндеттеме қолхатымен бекітілгені анықталды.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, жауапкерден талапкердің пайдасына қарыз ақшасы және сот шығыны ретінде төленген баж алымы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Қоғамдық жұмысқа тартылды

20/01/2017

Қазалы аудандық сотында сотталушы Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Н. жекеше айыптаушы, әйелі И-ге тән ауруына ұшырататын, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып соғу әрекетін  жасаған.

Сот үкімімен сотталушы Н. Қазақстан Республикасы ҚК-нің  109 бабымен кінәлі деп танылып. оған 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Ювеналды сотта «Ашық есік күні» өтеді

20/01/2017

2017 жылдың 23 қаңтарында сағат 15-00 мен 17-00 аралығында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, шараның міндеті сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, қала тұрғындарының сауалдарына жауап беру болып табылады.