Әкімшілік іс бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотының судьясы Ж.Жолдасов жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг жүргізді.

Шара барысында судья Ж.Жолдасов сотта құқық бұзушы Ы-ға қатысты қаралған әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ы. көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адам бола тұра, өзінің басқаруындағы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.

Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша кінәсі толық дәлелденіп, автокөлікті жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ы.  Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 608 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, автокөлік жүргізу құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды.

Брифинг соңында судья Ж.Жолдасов баспасөз өкілінің қойған сұрақтарына жауаптар берді.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі