Жаңақорған аудандық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында азаматтарды қабылдау күні өткізілді.

Сот төрағасы Н.О.Қосановтың қабылдауына Жаңақорған ауданының 3 тұрғыны келіп, өздерінің шешілмей жүрген мәселерімен кеңестерін алды.

Атап көрсеткенде, азамат Ж.Абишев 2016 жылы тұрғын үйіне газ жылу құбырын орнату үшін азамат Е.Қадыровпен ауызша келісімге отырып, оған алдын ала 400 000 теңге төлегенін, алайда ол азамат бүгінгі күнге дейін не жылу орнатпағанын, не ақшасын қайтармағанын айтып, осыған байланысты жасауға болатын шаралар жөнінде сұрады.

Азаматша С.Калымбетова Жаңақорған аудандық сотының 23 сәуір 2016 жылғы үкімімен сыбайлас жемқорлық санатындағы ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғанын айтып, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданылуы бойынша сұрақтар қойды.

Азамат Е.Оразбаев осыдан екі жыл бұрын шығарылған сот шешімінің бүгінгі күнге дейін орындалмай жатқаны жайлы айтып, оны орындату үшін қандай заңды шаралар көруге болатыны туралы сұрады.

Өз кезегінде сот төрағасы барлық азаматтарға заң шеңберінде жауап беріп, қолданыстағы заң нормаларын түсіндірді.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі