Архив событий

11/01/2017

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

11/01/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Сүлеймен, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.     

Сотталушы атыс қаруын заңсыз сақтап, тасымалдап, алып жүріп жәбірленушінің денсаулығына бұзақылық ниетпен қасақана ауыр зиян келтірген. Аталған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына судья жауап берді.

Сот үкімімен сотталушы түпкілікті 5 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді

11/01/2017

Қызылорда қалалық сотында 2017 жылдың 20 қаңтарында сағат 10-00 мен 12-00 аралығында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» барлық азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдар қоя алады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 55-97-95, 55-98-07 номеріне хабарласуына болады.

         

Жаңадан тағайындалған судья ұжымға таныстырылды

11/01/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №399 Жарлығымен жаңадан тағайындалған судья Жәкеева Жұлдыз Жақсыбайқызын облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Қалымбет Бақытжан Мүсілімбекұлы сот ұжымына таныстырды.

 Ж.Жәкеева бұған дейін Қызылорда облыстық сотында сот маманы, сот мәжілісінің хатшысы қызметтерін атқарған және Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «заң ғылымдарының магистрі» дәрежесін алған.

Көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айыру жазасы тағайындалды

11/01/2017

Шиелі аудандық сотында А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы А. автокөлігін масаң күйде басқарып, өзiнiң қасақана iс-әрекетiмен Қазақстан Республикасының Жол жүру ережесiнiң 2.4.1 тармағын  бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған.

Құқық бұзушы А-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық сараптама қорытындысымен және жол полиция қызметкерінің баяндамасымен толықтай дәлелін тапқан.

Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

11/01/2017

2017 жылдың 13 қаңтарында сағат 16:00 мен 18:00 аралығында Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.

 «Ашық есік күні» қосымша ақпараттар алу үшін (8-336-22)7-38-55 телефон номеріне хабарласуға болады.

Біздің мекен-жайымыз: Байқоңыр қаласы, Максимова көшесі, 17 «а» үйі.   

Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

11/01/2017

       Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Б.Жаңабаев сотта қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

       ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен сотталушы А. автокөлік жуу бекетінде жәбірленуші Ж-ның автокөлігін жуып тазалау мақсатында қабылдап алып, бірге жұмыс жасайтын Е. есімді азаматты үйіне жеткізіп тастамақшы болып аталған автокөлікті мініп кеткен.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жауаптылыққа тартылды

11/01/2017

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы К. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармағын қасақана бұзып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Жаңақорған аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшін енген жоқ.

Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылды

11/01/2017

Сырдария аудандық сотында арыз беруші Ү-ның баласын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Ү. баласы С-ның бала кезінен бері психиатриялық диспансерде есепте тұратындығын, психикалық ауруының салдарынан өз әрекетінің нақты сипаты мен маңызын түсінбейтіндігін, ол өзінің әрекетіне жауап бере алмайтындығын, сондықтан  оны  әрекетке қабілетсіз деп тануды, арызын қанағаттандыруды сұрады.

Сот шешімімен арыз беруші Ү-ның арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды

11/01/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушы А-ның тәрбиесіндегі кәмелет жасына толмаған баласы Ж. көп қабатты үй ауласында орналасқан ойын алаңының жанында тұрып шемішке шағып, қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған, яғни, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 435 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы А. кінәсін мойындайтынын, алдағы уақытта ондай әрекеттерге жол бермейтінін көрсетті.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

11/01/2017

Талапкер «Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «Л» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 2012 жылғы 18-ші қыркүйектегі және 2014 жылғы 26-шы маусымдағы келісім шарттардың негізінде кепілдік мерзім ішінде анықталған ақауларды орындауды міндеттеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар істі қарап жатқан судьяға талап арызды медиация тәртібімен қарау жөнінде өтінішхатпен жүгінген.

ҚР АПК-нің 179-бабының 4-тармағына сәйкес, тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс қарап жатқан судья өткізуі мүмкін.