Архив событий

12/01/2017

Шиелі аудандық соты 2016 жылдың жұмысын қорытындылады

12/01/2017

Шиелі аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысумен 2016 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы М.Еркінбеков, аудандық сот судьялары А.Түбекбаева, А.Жолдыбаев, «Шарайна Сейхун» газетінің тілшісі Б.Мәденов қатысты.

Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

12/01/2017

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Т.Тілеп сотта қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотталушы Е. бесінші қабаттан, төмен түсіп бара жатып, қарама-қарсы көтеріліп келе жатқан жәбірленуші О-ны ұрып, қол сөмкесін, ішіндегі құны 5000 теңге тұратын «Нокия» маркалы ұялы телефонын, 1500 теңге ақшасын, жеке куәлігі мен банкоматтық карталарын тартып алып, тонау қылмысын жасаған. Аталған қылмыстық іс бойынша судья Т.Тілеп баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

12/01/2017

2017 жылдың 20 қаңтарында сағат 16:00 ден 18:00 аралығында Қызылорда қаласының №2 сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін  хабарлаймыз.

«Ашық есік  күніне» тілек білдіруші барлық азаматтар қатысып  өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот  төрелігінің  қолжетімділігін, ашықтығын деңгейін арттыру болып табылады.

 

Қазалы аудандық сотында брифинг өтті

12/01/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік ТВ» телеарнасы өкілінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингті аудандық соттың төрағасы Қ.Темірбаев жүргізді.

Шара барысында төраға Қ.Темірбаев  Қазақстан  Республикасы ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы Ж-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.                                          

Судья өзінің жаңа қызметіне кірісті

12/01/2017

Қармақшы аудандық сотында Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Адранов аудандық сот ұжымы мен мекеме басшылары және құқық қорғау органдары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен бірге пленарлық жиын өткізді.

Жиын барысында Қ.Адранов 2016 жылдың 30 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығымен  Қармақшы аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Құтыбаев Ермек Рахымұлымен таныстырып өтті.

Тараптар жеке айыптау ісі бойынша татуласқан

12/01/2017

Арал аудандық сотында жекеше айыптау тәртібімен қозғалған сотталушы Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жеке айыптаушы С. жеке айыптау тәртібімен азаматша Е-ны ҚР ҚК-нің 108 бабында көрсетілген қылмыстық әрекетті жасағаны, яғни өзіне дене жарақатын салғаны үшін оны қылмыстық жауапқа тарту туралы сотқа арыз берген.

Талапкерлердің талап арызы қанағаттандырылды

12/01/2017

Талапкерлер Б., Е., М. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз беріп, онда талапкер Б. жауапкер И-мен заңды некеде тұрғанын, талапкер Б. екі кәмелетке толмаған баланың әкесі екенін, заңды неке бұзылғаннан бері талапкерлер кәмелетке толмаған балаларды көре алмай, жауапкермен балалармен кездесу бойынша келісе алмай жүргендерін, жауапкер балалармен кездесуге кедергі келтіріп отырғанын көрсетіп, соттан баламен кездесу тәртібін белгілеуді сұрады.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот тәжірибесіне жасалған талдау талқыланды

12/01/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының сот төрағасы мен судьяларының қатысумен ҚР Жоғарғы Сотының заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану және мемлекеттік кірістер органдарының хабарламаларын даулау бойынша азаматтық істердің сот тәжірибесіне жасалған талдауын талқылау мақсатында семинар өтті.

Дау медиациялық келісімге келу тәртібімен реттелді

12/01/2017

Арал аудандық сотында талап қоюшы У-дың жауапкер Е-ден берешек қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы У. талап арызында, жауапкер Е-ден 420 000 теңге көлемінде берешек қарызын өндіруді сұраған.

Сотта тараптар кәсіби медиатормен бекітілген, дауды реттеу жөніндегі медиативтік келісім ұсынды.

Құқық бұзушыға айыппұл салынды

12/01/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілік іс бойынша құқық бұзушы Д-ға әкімшілік айыппұл салды.

Құқық бұзушы Д. «Ш» компьютерлік  клубында  администратор болып  қызмет  жасап  жүріп  кәмелетке толмаған  05.06.1999 жылы  туылған С.  мен 10.04.2000  жылы  туылған  О-ны  клубта заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орнында болуына жол беріп, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Аудандық сотта «Ашық есік күні» өтеді

12/01/2017

Сырдария аудандық сотында 2017 жылдың 24 қаңтар күні сағат 10:00 мен 12:00 аралығында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» барлық азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қоя алады.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігіне қолжетімді деңгейін арттыру болып табылады.

Тәрбие отбасынан басталады

12/01/2017

Жалағаш аудандық сотында құқық бұзушы Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс бойынша, құқық бұзушы Н. Жалағаш кентінде орналасқан өз үйінде әкесі К-ға себепсіз тиісіп, балағаттап, ар-намысына тиіп, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ іс-әрекеттер жасап, жанұя тыныштығын бұзған.

Сот отырысында Н. өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін, кешірім сұрайтынын, ал әкесі К. оған кешірім бермейтінін айтты.