Архив событий

27/01/2017

Аудандық сот судьялары Рақымшылық жасау туралы Заңды қолдану мәселелерін талқылады

27/01/2017

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Шиелі аудандық сотында Шиелі, Жаңақорған аудандық сотының судьяларының қатысуымен өңірлік оқу орталығының семинар сабағы  өткізілді.

Семинар барысында Шиелі аудандық сотының судьясы А.Түбекбаева «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолдану мәселелері тақырыбында баяндама жасады.

Қызылорда облыстық сотында семинар сабағы өтті

27/01/2017

Қызылорда облыстық сотында Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Семинар сабағына Қызылорда облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Шараны облыстық соттың судьясы Молдабек Ахметов ашып, семинар барысында талқылауға ұсынылатын мәселелерге кеңінен тоқталды.

Соттың жеке қаулысымен мектеп оқушысы марапатталды

27/01/2017

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен, 115-бабымен, 191-бабының 2-бөлігінің 1) және 4) тармақшасымен айыпталып сотқа берілген, бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотты болған К-ға қатысты қылмыстық іс қаралған.

35 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған

27/01/2017

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 68 бабының 1 бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

«Дауды медиация тәртібінде шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

27/01/2017

Шиелі аудандық сотында «Дауды медиация тәртібінде шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға судьялар, аудандық прокуратура,  аудандық әкімшілік өкілдері және кәсіби емес медиатор, қорғаушылар қатысты.

Семинар сабағы өткізілді

27/01/2017

Арал аудандық сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесін» оқып-үйренуге байланысты семинар сабағы өткізілді.

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу фактілері бойынша брифинг өтті

27/01/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу фактілері бойынша брифинг өтті. Шараны соттың судьясы С.Утегенова жүргізді.

Сот ақтау үкімін шығарды

27/01/2017

Арал аудандық сотында ҚР ҚК-нің 131-бабының 1-бөлігімен азаматша Д-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Б. сотқа жеке айыптау шағымын беріп, қорлау, яғни абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiткені үшін, азаматша Д-ны ҚР ҚК-нің 131 бабының 1 бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Қылмыстық істі қарау барысында сотпен сотталушы Д. тарапынан азаматша Б-ны қорлау дерегі өз дәлелін таппады.

Дауларды медиация тәртібімен реттеудің тиімділігін насихаттау мақсатында брифинг өткізілді

27/01/2017

Сырдария аудандық сотының БАҚ үйлестіруші судьясы Ж.Жолдасов Сырдария ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында  дауларды медиация тәртібімен  реттеудің тиімділігін насихаттау мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің  қатысуымен  брифинг  өткізді.

Брифинг барысында судья Ж.Жолдасов Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 174 бабына сәйкес, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданатындығын, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдесетіндігін атап өтті.

Алдағы уақытта өткізілетін мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

27/01/2017

Арал аудандық сотының кеңсе меңгерушісі З.Сермағамбетова сот қызметкерлеріне алдағы уақытта өткізілетін «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін аттестаттау бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Несие қарыз өндірілді

27/01/2017

Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы «Finance арнаулы қаржы компаниясы» ЖШС-нің жауапкер Ш-дан банктік заем шарты бойынша берешекті өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы «Finance арнаулы қаржы компаниясы» ЖШС-нің талап арызында 2007 жылы «Альянс Банк» АҚ-нан заем алушы Ш-ға жасалған банктік заем шарты бойынша несие берілген. Алайда, жауапкер банк алдындағы міндеттемелерін бұза отырып, белгіленген мерзімде несие қарыздарын төлемегендігін көрсеткен.

Қызылорда қалалық сотында семинар өтті

27/01/2017

Қызылорда қалалық сотында Арнайы Күзет Қызметі Басқармасы ММ  қызметкерлерімен жергілікті соттардың ғимараттарына келушілер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кіріп-шығуын реттеу бойынша ереже талқыланып  семинар өтті.

Сот ғимаратына өткiзу тәртібі Қазақстан Республикасының ішкі істер министірлігіне қарасты «Арнайы күзет қызметі басқармасы» ММ-мен және сот приставаның өзара іс – қимылымен   ұйымдастырылады.

Қазалы аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді

27/01/2017

2017 жылдың 30 қаңтарында сағат 10-00 мен 12-00 аралығында Қазалы аудандық  сотында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, шараның міндеті сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, қала тұрғындарының сауалдарына жауап беру болып табылады.

Айыппұл жазасы тағайындалды

27/01/2017

Жалағаш аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігімен (Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу)  азаматша Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылы, Жаңажарма көшесінің бойындағы дүкенінде, құқық бұзушы Т. жиырма бір жасқа толмаған А-ға бір шөлмек арақ сатқан.

Келісілген шығын өтелсін деп шешілді

27/01/2017

Қызылорда қаласының аумағында жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде азамат З. әкімшілік соттың қаулысымен кінәлі деп танылған. Сотқа берген арызында талап қоюшы Ә. жауапкер З-дан 408 000 мың  материалдық зиянды өндіруді сұраған.  

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 917 бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салынды

27/01/2017

Қазалы аудандық сотында азаматша Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азық-түлік дүкенінің сатушысы  азаматша Б. 21 жасқа толмаған азамат Р-ға 2 дана сыра алкогольдік өнімін сатқан.

Сот қаулысымен азаматша Б.  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған деп танылып, алкогольді және сыра өнімдерін  бөлшек  сауда  жасау туралы лицензияның қолданысын 1 (бір) ай мерзімге тоқтата тұрып,  оған 15883 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.