Архив событий

19/01/2017

Байқоңыр қалалық сотында 2016 жылдың қорытындысымен баспасөз конференциясы өткізілді

19/01/2017

Байқоңыр қалалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференция өтті.

Баспасөз конференциясына қалалық сот судьясы Е.Шевцова, жергілікті «Байконур» газетінің тілшісі А.Паршина қатысты.

Өз баяндамасында қалалық сот судьясы Е.Шевцова, 2016 жылдың 12 айында қалалық сот өндірісіне барлығы – 1391 іс түсіп, оның ішінде қылмыстық істерді 109 іс (2015 ж.-90 іс) азаматтық істерді – 910 іс (2015ж.-956 іс) әкімшілік істерді -372 іс (2015ж.-517 іс) кұрағанын атап өтті.

Сырдария аудандық сотында брифинг өткізілді

19/01/2017

Сырдария аудандық сотының БАҚ үйлестіруші судья Ж.Жолдасов шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуына байланысты қаралған әкімшілік істер бойынша брифинг өткізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сотпен заңдық маңызы бар факт анықталды

19/01/2017

Шиелі аудандық сотында арыз беруші К-ның еңбек өтілінің бар екендігі туралы заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, арыз беруші 01.01.1994 жылдан 01.09.1996 жыл аралығында балабақшада жұмыс жасаған, алайда оның еңбек кітапшасының қандай негізбен жазба жазылғаны туралы бағанда бұйрықтың нөмірі мен жылы жазылмаған, осы себепті оның  жұмыс жасаған осы мерзімі  еңбек өтіліне есептелмеген.

Жаңақорған аудандық сотында семинар өтті

19/01/2017

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы ҚПК-мен көзделген жекеше айыптау тәртібімен қаралатын қылмыстық істерді қозғау жөніндегі шағымдарды қабылдау және жолдау тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы мен судьялары, кеңсе қызметкерлері, аудандық прокуратура, Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Әкімшілік іс бойынша брифинг өтті

19/01/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингті судья Қ.Мыханов жүргізді.

Шара барысында судья Қ.Мыханов сотта қаралған  азамат Н-ның әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін құқық бұзушыға айыппұл салынды

19/01/2017

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  сотында  құқық бұзушы Б-ға  қатысты  әкімшілік  іс  қаралды.

Құқық  бұзушы Б. Түркістан қаласынан құрма жемісін алып келіп, Қызылорда қаласындағы жеміс-жидектердің сауда нүктесіне өткізген.

Іс материалдарымен ұсынылған карантиндік сертификатта объектінің Түркістан қаласынан Қызылорда қаласына жеткізілетіндігі, карантинге жатқызылған өнімді сақтау, алу, сату және пайдалану кезеңінде карантиндік іс-шаралары қайталанып жүргізілетіндігі көрсетілген.

Сот мәжілісінде тараптар медиативтік келісімге келді

19/01/2017

Жалағаш аудандық соты құқық бұзушы Ж-ға қатысты әкімшілік  істі қарады.

Сотта, азамат Ж-ның өз үйінде спирттік ішімдік ішкен масаң күйінде анасын балағаттап, отбасы тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіп, олардың тыныштығын бұзғаны анықталды.

Сот отырысында жәбірленушіден  және құқық бұзушыдан  медиация тәртібімен тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік істі қырқарту  жөнінде өтініштер түсті.

Жауапкер әкелікті мойындады

19/01/2017

Талапкер Б. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз беріп, онда жауапкер Г. кәмелетке толмаған Р-ның әкесі екенін, алайда әкелігін мойындамай, баланы асырап бағуына материалдық көмек бермей отырғанын көрсетіп, соттан жауапкерден Р-ға қатысты әкелігін анықтап, оның пайдасына алимент өндіруді сұрады. 

Сот отырысында талапкер Б. талап арызын қуаттап, оны қанағаттандыруды, жауапкер Г. талап арызды толығымен мойындайтынын және алимент төлеуге қарсы емес екенін көрсетті.

3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды

19/01/2017

Қармақшы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасаған М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, құқық бұзушы М. автокөлігін алкогольді масаю күйінде басқарып, құқық бұзушылық жасаған.

Құқық бұзушы М., кінәлі деп танылып және 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қарыз өндіру туралы азаматтық іс бойынша шешім шығарылды

19/01/2017

Қармақшы аудандық сотында банктік заем шарты бойынша берешекті өндіру жайлы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, «Е» АҚ-ы мен жауапкер С. арасында несие шарты жасалған.

Жауапкер С. сот отырысында несие қарызын бөліп төлейтінін, талап арызбен келісетіндігін және талап арызды қанағаттандыруға қарсы емес екендігін көрсеткен.

Сот шешімімен талап қоюшы «Е» АҚ-ң жауапкер С-дан банктік займ шарты бойынша өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімімен жауапкер ата-аналық құқығынан шектелді

19/01/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жауапкер Г. ата-аналық құқығынан шектелді.

Талапкер И. сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер Г. келіні екенін, өзі кәмелетке толмаған А-ның әжесі, жауапкердің тұрғылықты мекен-жайы жоқ екенін, кәмелетке толмаған А. өзімен бірге тұратынын, жауапкер баланың тәрбиесімен айналыспайтынын, ішімдікке әуес екенін көрсетіп, соттан жауапкер Г-ны кәмелетке толмаған А-ға қатысты ата-аналық құқығынан шектеуді сұрады.

Ортақ пайдалану орнын ластағаны үшін, әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды

19/01/2017

Жалағаш аудандық сотында құқық бұзушы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы К. Жалағаш кенті, Амангелді көшесінің бойында, шемішке шағып, ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды.