Архив событий

26/01/2017

Брифинг өткізілді

26/01/2017

Арал аудандық сотында 24 қаңтар 2017 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында  брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық соттың судьясы Д.Мұратбекұлы қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын, жиі кездесетін құқық бұзушылықтарды айтып өтті.

Осындай құқық бұзушылықтардың бірі ұсақ бұзақылық және алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу болып табылады. 

Отбасы мүшелері медиация тәртібімен татуласты

26/01/2017

Қазалы аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. өз үйінде жанжал шығарып, әкесі Ж-ға  балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұрады.

«Ашық есік күні» өткізілді

26/01/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. «Ашық есік күніне» келген азаматтарды судья Қ.М.Бержанов қабылдады.

Қабылдауға қала тұрғыны А. қатысып, өзінің толғандырып жүрген мәселелері бойынша  сауалдарын  қойды.

Атап айтқанда шара қатысушысы бала асырап алуға қатысты заң нормаларымен, бала асырап алудың тәртібімен, оның салдары бойынша сұрақтар қойды.

Медиация тәртібімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылды

26/01/2017

Жаңақорған аудандық сотымен сотталушылар Б. және Ы. жәбірленуші П-мен медиация тәртібімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар Ы. досы Б-мен бірге жәбірленуші П-ның үйіне барып, үй ауласындағы мал қорасында қамаулы тұрған «Алабай» тұқымдас итін ұрлап алып, жәбірленуші П-ға 200 000 мың теңге мүліктік шығын келтірген.

Қармақшы аудандық сотында семинар өтті

26/01/2017

Қармақшы аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы табысы туралы декларациясын тапсыру ерекшелігі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға аудандық сот төрағасы Қ.Абдуллаев, судьялар Л.Алибекова, Е.Құтыбаев, кеңсе меңгерушісі Е.Матжанов, сот кеңсесінің мамандары және Қармақшы ауданының кірістер басқармасының бас маманы А.Ержанов қатысты.

Қармақшы аудандық соты төрағасы Қ.Абдуллаев күн тәртібі бойынша семинар сабағын алғы сөзімен ашты.

Рақымшылық актісі қолданылып, жазадан босатылды

26/01/2017

Қазалы  аудандық сотына «Қазалы аудандық пробация қызметі» мемлекеттік мекемесі ұсыныспен жүгініп, Қазалы аудандық  сотының 13.10.2015 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігімен  кінәлі деп танылып, 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған  П-ға  рақымшылық заңын қолдануды сұраған.

2016 жылдың 13 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, аталған Заң алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданыста.

Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамаған

26/01/2017

Шиелі аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен айыпталған құқық бұзушы Т-ның әкімшілік ісін қарады.

Сотта белгілі болғандай, құқық бұзушы Т. көлік басқара отырып, полиция қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Алкогольді масаң күйде автокөлік басқарған

26/01/2017

Арал аудандық сотында азамат Ш-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша, құқық бұзушы Ш. автокөлігін алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ш. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Кеңсе қызметкерлері жаңа киім үлгісіне көшті

26/01/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері бірыңғай жаңа киім үлгісіне көшті. Талаптарға сәйкес киім үлгісі біртүсті жейдеден,ақ түсті көйлектен, галстук және қара белдемшеден тұрады. Қолданысқа енгізілген бірыңғай қызметтік киім үлгісі мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетінің талаптарына сай.

Бас бостандығын шектеу жазасына сотталған сотталушы рақымшылық актісімен жазадан босатылды

26/01/2017

Қазалы  аудандық сотына «Қазалы аудандық пробация қызметі» мемлекеттік мекемесі ұсыныспен жүгініп, Қазалы аудандық  сотының 24.11.2016 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 307-бабы 1-бөлігімен  кінәлі деп танылып, оған өзіне тиесілі жеке мүлкі тәркіленіп, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Б-ға рақымшылық заңын қолдануды сұраған.