Қылмыстық іс рақымшылық жасау туралы заңымен қысқарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен сотталушы Ә-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мән-жайы бойынша, сотталушы Ә. өзінің басқаруындағы автокөлігін басқарып, Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы ережесінің» 10.1 тармағының талабын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде басқаруындағы автокөліктің ішіндегі жәбірленуші Р. алған дене жарақаттарының салдарынан ауруханада қайтыс болған.

Сот отырысында сотталушының қорғаушысы рақымшылық жасауды қолдану туралы өтініш тапсырды. 

Сот сотталушы Ә-ге қатысты қылмыстық іс бойынша «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 13-желтоқсанындағы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес іс жүргізуді тоқтатты.

Қайнар: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі