Қармақшы аудандық сотында 2016 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында 2016 жылғы соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз мәжілісі өтті.

Іс-шараға  аудандық сот төрағасы мен судьялары, сот кеңсесінің қызметкерлері, жергілікті тілшілер, аудандық прокуратура өкілі және кәсіпқой емес медиатор қатысты.

Жиында аудандық соттың 2016 жылдың 12 айында атқарған жұмыс қорытындылары талқыға салынып, істердің қарау нәтижесі туралы баяндалды.

Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев өткен жылдың 12 айының статистикалық деректеріне тоқталып, сотқа түскен азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша деректерін айтып өтті.

Баспасөз конференциясы соңында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға сот төрағасы жауап беріп, шараны қорытындылады.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі