Заем шарты бойынша несие қарызы ішінара өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында талап қоюшы «А» ЖШС-нің жауапкер О-дан несие қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы «А» ЖШС-гі сотқа талап арызбен жүгініп, несие алушы тарапынан шағын несие сомасын қайтару туралы міндеттемелер тиісті түрде орындалмауы себепті, жауапкер О-дан 17.11.2015 жылғы шағын несие шарты бойынша 264 493 теңге несие қарызын өндіруді сұраған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 272 бабының талабына сәйкес,  мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс.

Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, талап қоюшы «А» ЖШС-нің пайдасына жауапкер О-дан шағын несие шарты бойынша 227 326 теңге қарыз сомасы және 6820 теңге мемлекеттік баж алымы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі