Қылмыстық сот 2016 жылдың 12 айын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясы өткізілді.

Баспасөз конференциясында сот төрағасы С.Сүлеймен сотта қаралған қылмыстық істер бойынша статистикалық мәліметтерді атап өтті. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2016 жылдың 12 айында 50 адамға қатысты 33 қылмыстық іс түсіп, 10 адамға қатысты 2 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған (2015 жылдың 12 айында – 43 адамға қатысты 26 қылмыстық іс түсіп, 6 адамға қатысты 5 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған). 

Яғни, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сотқа түскен істердің саны 7 іс/7 адамға көбейгені байқалады.

Соттың өндірісіне түскен істердің санаттарына тоқтала өтсек:

- ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) – 20 іс (2015 ж. 12 айы –11 іс);

- ҚК-нің 120-бабының 3,4-бөлігі (көрінеу он төрт жасқа толмаған адамды зорлау немесе оған қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттер жасау) – 2 іс (2015 ж. 12 айы –5 іс);

- ҚК-нің 121-бабының 3,4-бөлігімен (нәсіпқұмарлық сипатындағы күш қолдану) – 2 іс (2015 ж. 12 айы – 4);

- ҚК-нің 124-бабының 3-бөлігімен (жас балаларды азғындық жолға түсіру) – 1 іс (2015 ж. 12 айы-0);

- ҚК-нің 125-бабының 3-бөлігімен (адамды ұрлау) – 1 іс (2015 ж. 12 айы-0);

- ҚК-нің 192-бабының 4-бөлігі (қарақшылық) – 2 іс (2015 ж. 12 айы – 0);

- ҚК-нің 194-бабының 4-бөлігі (қорқытып алу) – 1 іс (2015ж 12 айы-0);

- ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (есірткі заттарға байланысты қылмыстар) - 3 іс (2015 ж.12 айы - 9 іс).

Осы мерзімде 32 іс 57 адамға үкім қабылдау арқылы қаралған (2015 ж. 12 айы– 29 іс 39 адамға).

Яғни, өткен жылдың тектес кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың 12 айында қаралған істердің көрсеткіші 3 іске, сотталған адамдар саны 18-ге көбейген.  

Көрсетілген мерзім ішінде 57 адам сотталды (2015 ж. 12 айы - 39 адам). Сотталған 57 адамның 51-не бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды (89,4 пайыз), 5 адамға бас бостандығынан шектеу жаза қолданылды. 1 адамға қатысты ҚК-нің 63 бабы қолданып, шартты түрде сотталды. 

29 сотталушыға қосымша жаза ретінде мүлкін тәркілеу тағайындалды, 7 сотталушыға маскүнемдіктен емдеу үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды, 3 сотталушыға нашақорлықтан медициналық сипаттағы еріксіз емдеу белгіленді. 6 сотталушы  педагогиқалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан, 2 адам арнаулы атағынан айырылды.

2016 жылдың 12 айында алқабилердің қатысуымен 3 адамға қатысты 1 іс қаралып, айыптау үкімі қабылданды. Бұл іс бойынша бір сотталушы ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағымен  (адамдар тобымен, алдын ала сөз байласу арқылы  адамды өлтіру) кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу деп белгіленді, қасындағы екі сотталушы ҚК-нің 434 бабымен (қылмыс туралы хабарламау) кінәлі деп танылып, біреуі – 4 жылға, екіншісі – 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

2016 жылдың 12 айында 15 жеке қаулы қабылданған. (2016 жылдың 12 айында – 11).

Апелляциялық тәртіппен 47 адамға қатысты 28 үкім қаралды.  

Кассациялық тәртіппен 1 адамға қатысты 1 іс қаралды.

Барлық істер (100 пайыз) дыбыс-бейне жазба қоңдырғысын пайдаланып қаралған.

Сонымен қатар, осы кезеңде қаралған, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған қылмыстық істер бойынша, атап айтқанда, есірткі заттарды заңсыз сақтап, сатқан; адам өлтіру; зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттер жасаған жөнінде қылмыстық істер бойынша сот төрағасы Сүлеймен Сағатбек БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап  берді.

Источник: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі