Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Т.Тілеп өз өндірісіндегі  қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотталушы А. жәбірленуші Н-ны №2 мұрагер мектебінің «лобарант» мамандығына жұмысқа тұрғызып беретіндігіне сендіртіп, 300 000 теңгесін алдап алған, ал жәбірленуші А-ны аталған мектепке «қазақ тілі және әдебиет пәні» мұғалімі мамандығына тұрғызамын деп, 400 000 теңгесін, сондай-ақ, жәбірленуші Б-ны балабақшасына тәрбиешінің көмекшісі ретінде жұмысқа тұрғызып беретіндігін айтып 100 000 теңгесін алдап алған. Аталған қылмыстық іс бойынша судья Т.Тілеп журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Сот қаулысымен ҚР ҚК–нің 190–бабының 2–бөлігінің 2-тармағымен айыпталған сотталушы А. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 6-бабының 1) тармақшасына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Брифинг соңында БАҚ өкілі қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдары бойынша нақты жауаптарын алды.

Источник: 
Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметі