«Некені бұзу туралы істі қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотында «Некені бұзу туралы істі қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралының өкілінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг өту барысында сот төрағасы А.Мизанбаев аудандық сотта 2016 жылдың 12 айында отбасылы-тұрмыстық дауларға қатысты барлығы 55 талап арыз, оның ішінде әкелігін анықтап алимент өндіру бойынша 1, баланың оқу орнында оқуына байланысты 1, баланың 3 жасқа толғанға дейін алимент өндіру бойынша 5, алимент мөлшерін азайту санатында 1, заңды некені бұзу туралы 46, оның ішінде балалары кәмелеттік жасқа толмағандарына қатысты 36 талап арыз түскенін айтып өтті.

Бұдан бөлек кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіру туралы 41 арыз түсіп, бұлар сот бұйрығын шығарумен аяқталған.

Заңды некені бұзу туралы түскен 46 талап арыздардың ішінде тек 12 талап арыз тараптардың татуласуына байланысты қысқартылған қалған 34 арыз қанағаттандырылып тараптардың заңды некелері бұзылған.

БАҚ өкілінің ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүлiктегi үлестерін айқындауы туралы сұрағына, сот төрағасы А.Мизанбаев егер араларында ол жағдай шартпен көзделмеген болса, некеде бірге тұрған уақытта жиналған мүліктеріне ерлі-зайыптылардың әр қайсысының үлесі тең деп танылатынын жеткізді.

Брифинг соңында  сот төрағасы А.Мизанбаев БАҚ өкіліне ынтымақтастықтарына алғысын айтты.

Қайнар: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі