Арал аудандық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаев жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында судья Н.Бекетаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 2 бөлігінің 7 тармағымен қаралған А-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Сотталушы А. өзінің танысы Қ-мен сөзге келіп қалып, өзара төбелесіп жатқан уақытта бұзақылық ниетпен, оның ішіне пышақ сұғып алып, жәбірленушінің өміріне қауіп төндіретіндей, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 2-бөлігінің 7-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгілендін.

Брифинг соңында БАҚ өкілдері қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдарына жауаптарын алды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі