Көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы сот бұйрығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотымен Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ММ-нің борышкер А-дан көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, мемлекеттік кірістер басқармасымен борышкерге  салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама берілгенімен,  салық берешегі өтелмеген.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 14-бабының 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, салық төлеуші осы Кодекске сәйкес салық міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауға міндетті.

ҚР АПК-нің 135-бабының 5-тармағының талабына сай, жеке тұлғалардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні және өсімпұлдарды, сондай-ақ кеден төлемдері, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу туралы  талаптар бойынша сот бұйрығы шығарылады.

Осыған орай, сотпен борышкерден мемлекет пайдасына көлік салығы бойынша берешегін өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі