Экономикалық сотта БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің сот ғимаратына кіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының хатында көрсетілген тапсырманы орындау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Қызылорда қаласында орналасқан БАҚ өкілдері және Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері қатысты.

БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья Н.Еламанов БАҚ өкілдеріне соттарға техникалық құралдарымен кіру және сот отырысында қолдану тәртібі  бойынша түсіндірмелер берді.  

І-шараның өткізілу мақсаты – сот қызметі туралы тұрғындарды хабардар ету, азаматтардың сот процессінде  өз құқықтарын, еркіндігін және заңды мүдделерін қорғау бойынша белсенділігін арттыру, сот жүйесінің жұмысы туралы БАҚ-да ақпараттық жариялау сапасын жоғарылату, сот жүйесі мен қалың бұқара топтарының арасында тиімді диалог құру болып табылады.

Қайнар: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі