Салық бойынша қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында талап қоюшы «Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің жауапкер К-дан көлік салығы бойынша қарызын өндіру туралы азаматтық ісі оңайлатылған тәртіппен қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкерге салық заңнамасы бұзушылықтарын жою жөніндегі хабарлама табысталған. Алайда, салық бойынша қарызы өтелмеген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабына сәйкес, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.

Осыған орай, аудандық сотта жауапкерден 7553 теңге көлемінде  көлік салығы бойынша қарызын  және мемлекет пайдасына 227 теңге мемлекеттік баж өндіру туралы сот шешімін шығарды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі