Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Сотталушы әйел өзімен бірге спирт ішімдігін ішкен бөтелкелесімен ұрысып, ұрыс барысында асхана пышағымен қаруланып, жәбірленушінің денесіне өміріне қауіпті іш тұсынан және кеуде тұсынан қасақана ауыр жарақат салып, адам өлтірген. Қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Сот үкімімен сотталушыға 10  жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі