Сот бұйрығын қабылдау тәртібімен қаралған азаматтық істер санаты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында 2016 жылдың 12 айында 917 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 180 іс сот бұйрығын қабылдау тәртібімен аяқталған, яғни барлық қаралған істердің 20 % құрайды.

Сонымен қатар, талдау барысында анықталғандай, сот бұйрықтарының басым бөлігі (150) сотпен кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу үшін алимент өндіру жөніндегі арыздар бойынша қабылданса, 25 сот бұйрығы «Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің көлік құралдарының салық берешектерін өндіру жөніндегі арыздары бойынша қабылданған, 4 сот бұйрықтары жас мамандардан мемлекеттік грант берешектерін өндіру жөніндегі арыздар бойынша қабылданса, 1 сот бұйрығы жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау бойынша соманы өндіру жөніндегі арыз бойынша қабылданған.

Сол себепті 180 сот бұйрықтары заңды күшіне енген және бүгінгі күні атқару өндірісінде.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі