Архив событий

28/04/2017

Облыстық сотта құқықтық сауаттылық айлығы аясында студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

28/04/2017

Қызылорда облыстық сотында құқықтық сауаттылық айлығы аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік және Болашақ университетінің студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Қызылорда облыстық сотының судьялары Клара Қаниева, Шолпан Маликова, соттар әкімшісінің кеңсе меңгерушісі Елтай Бөрібаев және тағылымдамадан өтуші судьялыққа үміткерлер қатысты.

Сот төрағасы азаматтарды қабылдады

28/04/2017

Сот жұмысын ұйымдастыруға байланысты қабылданған өкімге сәйкес, бүгін Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы А.К.Әбу азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға болған  азаматша Р.Нұрылбаева өз сөзінде сіңілісінің баласын анасы әрдайым жүйке аурулар ауруханасына жатқызатынын, бірақ інісі жүйке ауруымен ауырмайтынын, сол себепті інісінің ақыл есінің дұрыстығын анықтау үшін  қайда жүгінетіндігі жөнінде білмей отырғандығын айтып, түсіндірме беруді сұрады.

Сот төрағасы азаматшаға заң талаптарына  сәйкес түсіндірме берді.

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

28/04/2017

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекова Қызылорда қалалық сотының судьялары және кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өткізді.

Жедел отырыста сот төрағасының міндетін атқарушы сотта iстi қараудың жариялылық принципiне тоқталып, бұл барлық азаматтардың, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерінің отырыстар залына еркiн кiріп, азаматтық процестiң барлық сатыларында басынан аяғына дейiн қатысуы құқығын бiлдiретіндігін айтты.

Жалағаш аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

28/04/2017

Соттарда өткізілетін «Ашық есік күндері» жұртшылыққа құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтық мәдениетін көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Осынау игі шараның аясында Жалағаш аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында азаматтарды сот төрағасы  А.Мизанбаев қабылдады.

Арал аудандық сотында брифинг өткізілді

28/04/2017

Арал аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі және оның қызметінің жүзеге асырылуы» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Брифинг барысында судья Н.Бекетаев журналистерге қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын Қылмыстық процестік кодексінде  көзделген тәртіппен жүзеге асыратын тергеу судьясының өкілеттілігі жөнінде айтып берді.

Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

28/04/2017

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы А. қоймаға заңсыз кіру арқылы ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, жәбірленуші Ж-ның мүлкін ұрлап, жәбірленушіге 115000 теңге материалдық залал келтіріп, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Жолсерік қызметіне тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған

28/04/2017

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы С-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы С. жолсерік қызметіне тұрғызып бере алатынына сендіріп, жәбірленушілер Г мен М-дан  әрқайсысынан 700 000 теңгеден, жәбірленуші А-дан 800 000 теңге, жәбірленушілер А. мен Н-дан әр қайсынан 450 000 теңгеден алып, бас пайдасына жаратып, алаяқтық жасаған.

Жәбірленушілер басты сот талқылауында қылмыспен келтірілген зияндар қайтарылмағанын, өндіруді талап ететіндерін көрсетті.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

28/04/2017

Байқоңыр қалалық сотында Өзбекстан Республикасының азаматы К-ге  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Өзбекстан Республикасының азаматы К. 02.03.2017 жылы Қазақстан Республикасына келіп, тіркеуге тұрғанда 01.04.2017 жылға дейін болатындығын көрсеткен.

Алайда, құқық бұзушы көші-қон карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасында болу мерзімі өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде ел аумағынан кетуден жалтарып, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Семинар сабағы өткізілді

28/04/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кеңсе қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді.

Семинарға кеңсе меңгерушісі М.Асанова, бас маман Қ.Шакиев, Е.Ардабаева, жетекші маман Л.Баку мен А.Нешжанова қатысты.

М.Асанова шараны ашық деп жариялап, сөз кезегін баяндамашы Л.Бакуға берді, ол өз кезегінде «Сот тапсырмалары бойынша келіп түскен материалдырды қарау тәртібіне» тоқталып өтті.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

28/04/2017

Талапкер «Қ» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жауапкер «А» жеке кәсіпкерімен жасалған 01.05.2011 жылғы № 003 және 01.05.2013 жылғы № 003 жалға беру шартын бұзу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар талап арызды медиация тәртібімен істі қарап жатқан судьяға өтінішхатпен жүгінген.

ҚР АПК-нің 179-бабының 4-тармағына сәйкес, тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.

Тұрмыстық жанжалдың нәтижесінде әкімшілік қамаққа алынды

28/04/2017

Қармақшы аудандық сотында құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша  құқық бұзушы А. арақ ішкен мас күйінде заңды некеде жоқ әйелі Б-ға қарсы былапыт сөйлеп, балағаттап, қорлап тиісіп, оған сыйламаушылық іс-әрекеттерін жасаған.

Сот, құқық бұзушы А-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 /он/ тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Арал аудандық сотында партисипативтік рәсім тәртібімен азаматтық іс қаралды

28/04/2017

Арал аудандық сотында талап қоюшы У-дың жауапкерлер Б. мен Н-ны тұрғын үйден еріксіз шығаруды және жауапкерлерден өкіл көмегіне төленген 300 000 теңге сот шығынын өндіріп беруді сұраған азаматтық ісі партисипативтік рәсім (екі тараптың адвокаттарының жәрдемдесуімен тараптарды татуластырып, дауды реттеу) тәртібімен қаралды.

Талап қоюшы У. талап арызында жауапкерлер Б. мен Н-ны тұрғын үйден еріксіз шығаруды және жауапкерлерден өкіл көмегіне төленген 300 000 теңге сот шығынын өндіріп беруді сұраған.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

28/04/2017

Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Ә.Сәдуақасова қабылдады.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.