Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекова Қызылорда қалалық сотының судьялары және кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өткізді.

Жедел отырыста сот төрағасының міндетін атқарушы сотта iстi қараудың жариялылық принципiне тоқталып, бұл барлық азаматтардың, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерінің отырыстар залына еркiн кiріп, азаматтық процестiң барлық сатыларында басынан аяғына дейiн қатысуы құқығын бiлдiретіндігін айтты.

Сотта істі қараудың ашық жүргiзілуiн ғана емес, сонымен бiрге сот рәсiмдерiнің ашық, анық әрi қол жетерлiктей болуын, яғни сот шешiмінің көпшiлiкке жариялануын, тараптардың процестiң басқа қатысушыларынан түскен шағымдармен таныстырылуын, iстiң жоғары сатыдағы сотта қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлауды, заңды күшiне енген шешiмдер дерекқорына еркiн кiрудi, сот актілерiнiң орындалуы туралы ақпарат алу мүмкiндігін сотта iстi қараудың жариялылығы деп түсiнген жөн.

Азаматтық iс жүргiзуде жариялылықты шектеу мемлекеттiк құпияны қорғау және әркiмнiң жеке өмiрiне, өзiнiң және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына, салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын сақтау құқығын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ заңда тiкелей көрсетiлген жағдайларда ғана мүмкiн болады.

Сот төрағасының міндетін атқарушымен сот рәсімдерінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын іс-шаралар бойынша тапсырмалар берілді.          

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі