Архив событий

13/04/2017

Қызылорда қалалық сотында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексін» оқып-үйрену сабағы өтті

13/04/2017

Қызылорда қалалық сотында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексін» оқып-үйрену сабағы өтті. Аталған сабаққа кеңсе қызметкерлері қатысты.

Іс-шарада соттың жетекші маманы С.Жеңсікбай баяндама оқып, Заңның негізгі баптарына және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістерге тоқталды.

Ақпараттық хабарлама

13/04/2017

2017 жылдың 19 сәуірде сағат 16:00 ден 18:00 аралығында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өткізілетіндігін  хабарлаймыз.

«Ашық есік  күніне» тілек білдіруші барлық азаматтар мен қала тұрғындары қатысып, сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және сот  төрелігінің  қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

13/04/2017

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік    қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша (C-R-1, C-R-4 санаты) әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

 

Қызылорда қалалық сотында ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңындағы өзгерістер аясында оқып-үйрену сабағы өтті

13/04/2017

Қызылорда қалалық сотында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын оқып-үйрену сабағы өтті. Аталған сабаққа кеңсе қызметкерлері қатысты.

Оқып-үйрену сабағын соттың жетекші маманы А.Қуатбай жүргізіп, заңның негізгі баптарына және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістерге тоқталды.

Есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтап және тасымалдағаны үшін жауаптылыққа тартылды

13/04/2017

Жалағаш аудандық  сотында сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, «Алматы-Атырау»  жолаушылар поездында келе жатқан сотталушы А-ны полиция қызметкерлері қызметтік иттың көмегімен тексеру кезінде  есірткі заты - кептірілген марихуананы тауып алған.

Сарапшының қорытындысы бойынша алынған есірткі заты-жалпы салмағы 0,8 гр. кептірілген марихуана болып табылатыны анықталған.

Қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды

13/04/2017

Қармақшы аудандық соты сотталушылар С. мен Т-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта анықталғандай, Қармақшы ауданы  Төребай би ауылының тұрғындары сотталушылар С. мен Т.  ауыл маңынан орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесіп, 0,5 текше метр сексеуілді алып,  мемлекетке жалпы құны 5 672 теңге мүліктік зиян келтірген.

Сотталушылар сот талқылауында кінәсін толық мойындап, мемлекетке келген зиянды қалпына келтіргендерін, істі қысқартып, жауаптылықтан босатуды сұраған.

Қызылорда қалалық сотының судьясы тікелей эфирге қатысты

13/04/2017

Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Сәдуақасова Қазақстан-Қызылорда телеарнасымен ұйымдастырылған тікелей эфирде өткізілген «Өзекжарды» бағдарламасына қатысты.

Бағдарлама барысында Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының қолданылуы мен осы заңды іс жүзіне асыруға арналған ҚР Жоғарғы Сотының пилоттық жоба Ережесінің талаптары және азаматтық істерді қарауда медиация тәсілдерін қолдануға қатысты сұрақтар талқыланды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында брифинг өткізілді

13/04/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен  брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья М.Сарсенов қатысушыларға «Мемлекеттік сатып алу заңнамасының» қағидалары мен негізгі талаптарын түсіндірді.

Қылмыстық іс бойынша тараптар татуласты

13/04/2017

Қазалы аудандық сотында айыпталушылар Г. мен А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жекеше айыптаушы С. сотқа жазған арызында аудандық музейде айыпталушылар Г. мен А. өзіне ар-намысына тиетін сөздер айтып, абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіткені үшін шара қолдануды сұраған.

Сот отырысы барысында жекеше айыптаушы С. айыпталушылармен татуласқанын, оларға қатысты айыптауынан бас тартатындықтан, істі қысқартуды сұрады.

Құқық бұзушы әкімшілік жазаға тартылды

13/04/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық бұзушыға Т-ға қатысты әкімшілік іс қарады.  

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Т. бұрын кәмелет жасқа толмаған баласы заңды өкілінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде жүруіне жол берген үшін әкімшілік жазаға тартылған, алайда бір жыл мерзімде қайталап кәмелетке толмаған баласына  түнгі уақытта қоғамдық орында заңды өкілінің  еріп  жүруінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде  болуына жол берген.