Архив событий

07/04/2017

Хабарландыру, жалпы конкурс

07/04/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары: 8 (7242) 55-12-08, 55-12-09, факс: 55-12-03, e-mail:
724-0200@sud.kz, «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

Хабарландыру, ішкі конкурс жарияланады

07/04/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары:

Сот алаяқтыққа қатысты іс бойынша үкім шығарды

07/04/2017

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы А-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы А. жәбірленушілер А. мен Э-ның сенімдеріне кіріп көп қабатты тұрғын үйден пәтер алып беруге көмек беретінін айтып сендіріп, , нотариус куәландырған несие шартымен, әр қайсынан 1 200 000 теңгеден алып, барлығы 2 400 000 теңгесін алдау жолымен алып, бас пайдасына жаратып, алаяқтық жасаған.

Тергеу судьясының өкілеттіктері аясында дөңгелек үстел өткізілді

07/04/2017

Сырдария аудандық сотының тергеу судьясы Ж.Жолдасов «Тергеу судьясының өкілеттіктері мен жұмысы барысында туындайтын мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Оған аудандық ІІБ-нің орынбасары С.Сыздық, аудан прокурорының көмекшісі Н.Таңбаев және адвокат Қ.Жаппасбаева қатысты.

Қылмыстық сотта «Медиацияның ерекшелігі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

07/04/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Медиацияның ерекшелігі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, судья А.Сабыров, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева  және сот қызметкерлері қатысты.

Семинар сабағын сот төрағасы ашып, сөз кезегін баяндамашы бас маман – сот отырысының хатшысы Ж.Жұбатыровқа  берді.

«Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында брифинг өткізілді

07/04/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында жергілікті баспасөз өкілдерінің  қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингті судья М.Сарсенов жүргізді.

Қармақшы аудандық сотында баспасөз конференциясы өтті

07/04/2017

Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев «Қармақшы таңы» газеті тілшісінің және аудандық соттың судьялары мен сот қызметкерлерінің қатысуымен 2017 жылдың 1 тоқсаны қорытындысы  бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Шара барысында сот төрағасы аудандық сотта қаралған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтер айтылып, жеңілдетілген өндіріспен қаралған азаматтық істерге ерекше тоқталды.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

07/04/2017

2017 жылдың 21 сәуірінде сағат 16:00 мен 18:00 аралығында Қызылорда қаласының №2 сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін  хабарлаймыз.

«Ашық есік  күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып  өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот  төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру болып табылады.

Әскери қызметкер қызмет орнын тастап кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

07/04/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен қаралған көшпелі ашық сот мәжілісінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің №2019 әскери бөлімінің әскери қызметкері аға лейтенант К-ге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Көшпелі сот отырысында, К. ҚР ҰҚК-нің №2019 әскери бөлімі «Жаңадария» шекара заставасы бастығының міндетін уақытша атқарушы бола тұра, өз міндеттері бойынша қызмет атқару керектігіне қарамастан, қызмет орнын өз бетімен тастап кеткені анықталды.

Ұсақ бұзақылық азаяр емес

07/04/2017

Арал аудандық сотында ағымдағы жылдың 3 айында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  «Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» туралы 25-тарауындағы 434 баппен (Ұсақ бұзақылық) 215 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қаралған. Ал, 2016 жылдың осы кезеңінде сотпен аталған санатта 181 әкімшілік іс қаралған.

Рақымшылық заңы аясында қылмыстық жауаптылықтан босатылды

07/04/2017

Байқоңыр қалалық сотында  бөтен мүлікті, өзінің қызмет бабын пайдаланып, иемденіп, ашық жымқырғаны үшін сотталушы Б-ға қатысты сот үкімі шықты.

Сотталушы Б. ЖШС-нің директоры бұйрығымен сауда өкілі лауазымына тағайындалып, толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шартқа отырып, оған толық материалдық жауапкершілік жүктелген.