Арал аудандық сотында партисипативтік рәсім тәртібімен азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында талап қоюшы У-дың жауапкерлер Б. мен Н-ны тұрғын үйден еріксіз шығаруды және жауапкерлерден өкіл көмегіне төленген 300 000 теңге сот шығынын өндіріп беруді сұраған азаматтық ісі партисипативтік рәсім (екі тараптың адвокаттарының жәрдемдесуімен тараптарды татуластырып, дауды реттеу) тәртібімен қаралды.

Талап қоюшы У. талап арызында жауапкерлер Б. мен Н-ны тұрғын үйден еріксіз шығаруды және жауапкерлерден өкіл көмегіне төленген 300 000 теңге сот шығынын өндіріп беруді сұраған.

Істі қарау барысында тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеуге ниет білдірген.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Азаматтық процестік кодексінің 181 бабының 1 бөлігінде, тараптар осы кодекстің 179 бабында көзделген қағидалар бойынша сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы делінген. Бұл жаңашылдық дауларды жедел түрде шешуді жеңілдетеді.

Партисипативтік келісімнің шарттары бойынша жауапкерлер Б. мен Н. талапты мойындап, бір ай мерзім ішінде тұрғын үйді босатып беруге міндеттенген және қойған қарсы талап арыздарынан бас тартады, ал талап қоюшы У. осы партисипативтік келісім талаптарын қабылдап, жауапкерлерден өкіл көмегіне төленген 300 000 теңге сот шығынын өндіру бөлігінен бас тартып, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген. Партисипативтік келісімді екі тараптың адвокаттары қол қойып, сотқа бекіту үшін ұсынған.

20 сәуір 2017 жылғы сот ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім сотпен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылып, төленген мемлекеттік баж алымы тараптарға қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі