Архив событий

14/04/2017

Пікір білдіріңіздер!

14/04/2017

Сот беделін көтеру, олардың жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз ету, Қызылорда облыстық соты судьялыққа кандидаттардың іскерлік, кәсіби, моральдық тұлғалық қасиеттерін неғұрлым терең зерттеп білу мақсатында тұрғындар  назарына төмендегі тізім бойынша кандидаттарды ұсынады.

Қызылорда облыстық сотының судьялары сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

14/04/2017

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қызылорда облысы соттарының 2017 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Қызылорда облыстық сотында 3 айдың қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті

14/04/2017

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қызылорда облысы соттарының 2017 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Іс-шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы, облыстық соттың алқа төрағалары, облыс судьялары, соттар әкімшісі басшысы қатысты.

Судьялар тікелей эфирде сұхбат берді

14/04/2017

Қызылорда облыстық сотының судьясы Шолпан Маликова мен Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Балғабай Жаңабаев «Қазақстан - Қызылорда» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін «Жаңа күн» бағдарламасына қатысты.

Облыстық соттың алқа төрағасы Б.Қалымбет Жаңақорған, Шиелі аудандық соттарының жас судьяларын қабылдады

14/04/2017

13.04.2017 жылы Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қалымбет Бақытжан Мүсілімбекұлы Жаңақорған және Шиелі  аудандық сотында арнайы жұмыс сапарымен болып, аудандық соттардың жас судьяларына қабылдау жүргізіп, жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Жаңақорған, Шиелі аудандық соттарында азаматтарды қабылдады

14/04/2017

Кеше  Қызылорда облыстық сотының төрағасы  Қайырбеков Нұрлан Мұратұлы арнайы іс-сапармен Жаңақорған, Шиелі аудандық соттарында болып, аудан тұрғындарына жеке қабылдау жүргізді.

Қабылдауға келген аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген жеке мәселелері бойынша облыстық сот төрағасының қабылдауында болу мүмкіндігіне ие болып, заң аясында тиісті жауаптарын алды.

Бұзақылық жасағаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

14/04/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында азамат М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғаны, азамат М. жанар май құю стансасына тоқтап, май құюшы А-ға май құюға 1000 теңгеге тапсырыс беріп, «неге сыртта тұрмайсың, не үшін айлық алып отырсың»-деп тиіскен. Ал жәбірленуші А. оның айтқан сөздеріне мән бермей кетіп бара жатқан кезде тоқтатып жағасынан ұстап тұрып бет-тұсынан бір мәрте өзінің басымен соққы жасап, жәбірленуші А-ға «жеңіл» дәрежедегі дене жарақатын салған.

Алаяқтық жасаған сотталушыға қатысты жаза тағайындалды

14/04/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы К-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат К. жәбірленуші Б-ның сеніміне кіріп, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының бойынан бір гектар бос жер учаскесін алып бере алатындығы туралы сендіріп 2 200 000  теңгесін алдап  алғаны  мәлім болды.

Жәбірленуші Б. сот отырысы барысында сотталушыға кешірім беретінін, татуласқанын,  жазасын жеңілдетуді сұрайтынын  көрсетті.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде дәріс сабағы өткізілді

14/04/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Утегенова Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен қабылданған «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» халықаралық конвенциясы жайында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1 курс студенттеріне дәріс оқыды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен аяқталды

14/04/2017

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. өз үйінде жанжал шығарып, анасына балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында, тараптар кәсіпқой медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.