Архив событий

03/04/2017

Облыстық сотта семинар сабағы өтті

03/04/2017

Қызылорда облыстық сотында Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына облыстық соттың, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Шараны облыстық соттың судьясы, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі Гүлсім Таңатова ашып, күн тәртібі бойынша талқылауға ұсынылатын мәселелерге кеңінен тоқталды.

Әкімшілік іс бойынша брифинг өтті

03/04/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік тв» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті. Брифингті судья Г.Тиштикбаева жүргізді.

Шара барысында судья ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс бойынша ақпарат берді.

Банктік заем шарты бойынша несие қарызы ішінара өндірілді

03/04/2017

Арал аудандық сотында талап қоюшы «Finance» арнаулы қаржы компаниясы» ЖШС-нің жауапкер У-дан несие қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы «Finance» арнаулы қаржы компаниясы» ЖШС-гі сотқа талап арызбен жүгініп, несие алушы тарапынан шағын несие сомасын қайтару туралы міндеттемелер тиісті түрде орындалмауы себепті, жауапкер У-дан 2007 жылғы шағын несие шарты бойынша несие қарызын өндіруді сұраған.

Жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

03/04/2017

Байқоңыр қалалық сотында азамат С-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 108 бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Жәбірленуші У. өз арызында сотталушы С. оның басынан ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргенін көрсеткен.

Сот процесінде тараптардың медиация тәртібімен бітімгерлікке келуіне байланысты, жәбірленуші У. соттан қылмыстық істі қысқартып, медиациялық келісімді бекітуді сұрады.

Баланы тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыппұл салынды

03/04/2017

Арал аудандық сотында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған азаматша Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Н-ның кәмелетке толмаған 2000 жылғы баласы 2017 жылдың қаңтар айының 13-нен наурыз айының 8-і аралығында оқуына дәлелді себептерсіз бармаған.

Құқық бұзушының кінәсі, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ  сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Алкогольді масаң күйінде автокөлік басқарғаны үшін 3 жылға көлік басқару құқығына айырылды

03/04/2017

Байқоңыр қалалық сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат К. автокөлігімен Байқоңыр қаласы, Максимова көшесінің бойында, алкогольді масаң күйінде автокөлік басқарған.

Сот қаулысымен азамат К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қарыз дауы медиация тәртібімен реттелді

03/04/2017

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның  қарыз ақшасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер С. талап қоюшы Ж-дан 450 000 теңге қарыз ақша алған. Алайда, жауапкер С. қарыз ақшасын  өзі көрсеткен уақытында қайтармағаны анықталды. Сондықтан талап қоюшы Ж. қарыз сомасын және мемлекеттік баж алымын өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Сотта  тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіп, соттан азаматтық  істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Ұрлық оқиғасы бойынша тараптар татуласты

03/04/2017

Қазалы аудандық сотында сотталушы Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.                    

Сотталушы Р. бөтеннің мүлкін тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп жасырын жымқыру мақсатында, жәбірленуші У-дың үйінің терезесін сындырып, терезе арқылы үйіне кіріп, кіре беріс бөлмедегі сандықтан жәбірленушінің әртүрлі киімдерін жасырын жымқырып, жәбірленушіге жалпы құны 20 000 теңге мүліктік зиян келтірген.

Сот шешімімен қарыз сомасы өндірілді

03/04/2017

Жаңақорған аудандық сотында заем шарты бойынша берешегін өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, «Жаңақорған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жауапкер С. арасында  2 427 000   теңге заем  шарты жасалған.

Бірақ, жауапкер заем шартында көрсетілген міндеттемелерін уақытылы орындамаған және заем шартын төлемеген, осыған орай, талап қоюшы талап арызбен сотқа жүгінген.

Көлігін масаң күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

03/04/2017

Қазалы аудандық сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Ж. автокөлігін алкогольдік масаң күйінде екі рет басқарған. 

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған деп танылып, ол 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.