Архив событий

24/04/2017

Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы талқыланды

24/04/2017

Бүгін Қызылорда облысының «Достық үйі» ғимаратының мәжіліс залында Қызылорда облысы соттары судьяларының қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны» талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына «Медиацияны дамыту орталығының» кәсіби және кәсіби емес медиаторлары, нотариус және облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

«Медиация заңының кеңінен қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

24/04/2017

Шиелі аудандық сотының төрағасы М.Еркінбеков құқық қорғау органдары мен жергілікті уәкілетті мекемелер өкілдері арасында «Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізу барысында Медиация заңының қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шара барысында Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының қолданылуы мен осы заңды іс жүзіне асыруға арналған ҚР Жоғарғы Сотының пилоттық жоба Ережесінің талаптары және азаматтық істерді қарауда медиация тәсілдерін қолдануға қатысты сұрақтар талқыланды.

ҚР жол жүрісі қағидасының талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салынды

24/04/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша С. автокөлігін Қызылорда қаласы, Абай даңғылы бойында басқарып келіп, ҚР жол жүрісі қағидаларының 9-бөлім 10-тармағының талабын сақтамай, қажетті ара қашықтықты сақтамай, жаяу жүргіншілер бағдаршамында тоқтап тұрған жәбірленуші С-ның басқаруындағы автокөлігінің артқы жағынан соғып оған материалдық шығын келтірген.

Сот бұйрығының талаптарын орындамағаны үшін жауаптылыққа тартылды

24/04/2017

Байқоңыр қалалық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша азамат И.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Байқоңыр қалалық сотының 2014 жылғы сот бұйрығына сәйкес талапкер К-ның пайдасына азамат И. 1/3 мөлшерінде алимент төлеуге міндетті. Алайда, ол бүгінгі күнге дейін дейін сот бұйрығының талаптарын орындамаған.

Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді

24/04/2017

24 сәуір 2017 жылы сағат 16:00-18:00 аралығында Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы  өтеді.

«Ашық есік күні» шарасына азаматтар немесе заңды тұлғаның өкілдері қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша өз сауалдарын қоя алады.

Қосымша ақпарат алу үшін (8-724-33) 2-42-28 телефон нөміріне хабарласуға болады.