Архив событий

10/04/2017

Шиелі аудандық сотында 2017 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

10/04/2017

2017 жылдың 7- сәуірінде Шиелі аудандық сотында ағымдағы жылдың 3 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы мен судьялары, сот кеңсесінің қызметкерлері және аудандық «Өскен өңір» газетінің тілшісі А.Батырбеков қатысты.

2017 жылдың 1-ші тоқсанында аудандық сот өндірісіне 30 қылмыстық іс, 164 әкімшілік іс,  266  талап арыз түскен.

Сырдария аудандық сотында 2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

10/04/2017

5 сәуір 2017 жылы Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла 2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясына жергілікті «Тіршілік тынысы» газетінің өкілдері және аудандық соттың баспасөз хатшысы қатысты.

Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Жалпы 2017 жылдың 1 тоқсанында 7 қылмыстық іс 8 адамға қатысты қаралған, 3 қылмыстық іс келесі тоқсанға қалдыққа қалған.

Қызылорда қалалық сотында азаматтардың арыз-шағымдарын қарау бойынша жасалған шолуды талқылау өтті

10/04/2017

Қызылорда қалалық сотында азаматтардан түскен арыз-шағымдар барысы талқыланды. Талқылау сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекованың, судьялардың және кеңсе мамандарының қатысуымен өтті.

Азаматтардың сотқа арыз шағым келтіретін негізгі тақырыптары жайлы айтылып, сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова талқылаудың арыз-шағымдарда көрсетілген өз негізін тапқан кемшіліктерді назарға алып, болашақта қайталамау мақсатында өткізіліп отырғандығын ескертті.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра қылмыстық теріс қылық жасаған

10/04/2017

Шиелі аудандық сотында азамат Е-ге  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, сотталушы Е. көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, Шиелі кенті  «Шымкент-Самара» тас жолының бойында спирттік ішімдік ішкен масаң күйінде көлік басқарып келе жатқан жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, сотта өзінің айыбын  мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот бұрын сотты болған азаматқа әкімшілік қадағалау орнатты

10/04/2017

Арал аудандық сотында азамат Л-ға әкімшілік қадағалау орнату туралы аудандық ішкі істер бөлімінің ұсынысы қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Л. бас бостандығынан айыру мекемесінен босағаннан кейін қоғамдық тәртіпті бұзып, бірнеше мәрте әкімшілік құқық бұзушылықтар жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Рақымшылық заңы қолданылып жазадан босатылды

10/04/2017

Арал аудандық сотында жеке сот орындаушының сотталушы А-ны «Рақымшылық жасау туралы» Заңының 2 бабының 1 бөлігіне сәйкес айыппұл жазасынан босату туралы ұсынысы қаралды.

«Рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабының 1-бөлігінде қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылатыны көзделген.

Қазалы аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

10/04/2017

Қазалы аудандық сотында «Жекеше айыптау істерін сотқа жолдау  және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қойылатын талаптар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  аудандық сот судьялары, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

Сотта қаралған ұсақ бұзақылық істері бойынша брифинг өтті

10/04/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Утегенова 2017 жылдың 3 айының қорытындысымен БАҚ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын құқық бұзушылықтар, оның ішінде ұсақ бұзақылық фактілері бойынша брифинг өткізді.

Мектеп директоры сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталды

10/04/2017

Жалағаш аудандық соты мектеп директорына қатысты қылмыстық істі қарап, үкім жариялады.

Э. ауылдық мектепте директор қызметін атқарып жүріп, өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, азаматша М-дан қосымша 0,5 жүктеме қосып бергені үшін 5 000 теңге талап еткен.

Мектеп директоры 5 000 теңгені алу кезінде ұсталған.

Комиссия өндіру заңсыз деп танылды

10/04/2017

Қызылорда қалалық  сотында талап қоюшы С-ның жауапкер «Казкоммерцбанк» АҚ-на банктік несие шартын ішінара заңсыз деп тану, ұсталған ақша сомасын талапкер пайдасына өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер  өз талап қою арызында банкпен несие келісім шартын жасасқанын, несие шартының 4.3 бөлігін, атап айтқанда банктік қызмет көрсету үшін алынатын сомалар бөлігінде келісім шартты заңсыз деп тануды және ұсталған соманы өндіруді сұрады.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2017 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша баспасөз коференциясы өткізілді

10/04/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың  3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

10/04/2017

2017 жылдың 21 сәуірінде сағат 16:00 мен 18:00 аралығында, Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі.

Қосымша ақпараттар алу үшін (8-336-22)7-38-55 телефон номеріне хабарласуға болады. Біздің мекен-жайымыз: Байқоңыр қаласы Максимова көшесі 17 «а» үй.  

Перронды ластаған үшін айыппұл салынды

10/04/2017

Байқоңыр қалалық сотында  азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азамат А. Төретам станциясының темір жол вокзалы перронында төңiрегiндегiлерге сыйламаушылық танытып, шылым қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған.

Сот қаулысымен, азамат А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 22 690 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.