Архив событий

21/04/2017

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

21/04/2017

Арал аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлы жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты және шара барысында судья Д.Мұратбекұлы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен қаралған К-ның қылмыстық теріс қылық туралы ісі бойынша мәлімет берді.

Қылмыстық сотта семинар-тренинг өткізілді

21/04/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Төрелік ақпараттық-талдау жүйесі арқылы атқару парақтарын электронды түрде жасау және жолдау» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингте атқару парағын қалыптастыруды меңгеруге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Бас маман сот отырысының хатшысы Г.Сайджаппарова сот қызметкерлеріне ақпараттық жүйесіндегі қылмыстық істер бойынша электронды түрде атқару парағын дұрыс және толық толтыру тәртібін түсіндірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі семинар

21/04/2017

Шиелі аудандық соты қызметкерлерінің арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысын кеңсе меңгерушісі М.Жусупбекова ашып, күн тәртібіндегі мәселеге тоқталды.

Іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы және мемлекеттік органдар ғимараттарында смарт телефондарын қолдануға тыйым салынғаны туралы талқыланды.

«Ашық есік күні» өтті

21/04/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шара барысында студенттер сот отырыстарының мәжіліс залдарында болып, «Төрелік» ақпараттық жүйесімен, «Сот кабинеті» сервисімен танысты.

Медиация тәртібімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылды

21/04/2017

Жаңақорған аудандық сотында сотталушы К-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, сотталушы К. жәбірленуші Т-тың ауласындағы байлаулы тұрған алабай тұқымды иттерін көріп, жасырын жымқырып, жәбірленушіге 80 000 теңге мүліктік шығын келтірген.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

21/04/2017

Талапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «П» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 8 273 750 теңге өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар талап арызды медиация тәртібімен қарау жөнінде  істі қарап жатқан судьяға өтінішхатпен жүгінген.

ҚР АПК-нің 179-бабының 4-тармағына сәйкес, тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.

Алимент мөлшері төмендетілді

21/04/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен алимент мөлшері төмендетілді.

Талапкер К. сотқа талап арыз беріп онда өзінен сот бұйрығымен барлық табысының 66 пайызы кәмелетке толмаған үш баласын асырап бағу үшін алимент өндірілетінін, алимент мөлшері 50 пайыздан асып кеткенін, заң талабына сәйкес алимент мөлшері 50 пайыздан аспауы тиіс екенін, сондықтан соттан алимент мөлшерін төмендетуді сұрады.

Сот шешімімен талапкердің талап арыз қанағаттандырды.

Шиелі аудандық сотында брифинг өткізілді

21/04/2017

Шиелі аудандық сотында «Өскен өңір» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың судьясы А.Жолдыбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен сотталушы Е-ге қатысты қылмыстық іс бойынша ақпарат берді.

Сотталушы Е. алдыңғы іс-әрекеттерінен тиісті нәтиже шығармай өзінің көлік құралын басқару құқығынан айрылғанын біле тұра, Шиелі кенті  «Шымкент-Самара» тас жолының бойында алкогольдік масаң күйде күйінде көлік басқарған.

Сот судьялары жоғарғы оқу орнында дәріс оқыды

21/04/2017

Құқықтық сауаттылық айлығының аясында Қызылорда облысы соттарының судьялары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі заң факультетінің студенттері және оқытушыларымен кездесті.

Кездесуге облыстық соттың судьясы Амангелді Қожаниязов, Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Мейрамбек Ибрашев, Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы Әбу Айбек, Қызылорда қалалық сотының судьялары Кәмшат Садуақасова мен Жазираш Дербісалиева, Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Балғабай Жаңабаев қатысты.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан үзінді (21.04.2017 ж.)

21/04/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде  Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

1). Қармақшы  аудандық  соты  кеңсесінің  жетекші маманы (С-R-5 санаты) (1 бірлік) лауазымына:

1. Шазатов  Қаныш  Болатұлы;

 

2). Жаңақорған аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы (С-R-5 санаты) (1 бірлік, уақытша бос)  лауазымына:

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

21/04/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы жазаға тартылды.        

Сотта анықталғандай құқық бұзушы Б-ның кәмелетке толмаған баласы С. мектеп ауласында шемішке шағып, қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 11 118 теңге айыппұл салынды.

        

Қазалы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

21/04/2017

2017 жылдың 24 сәуірінде сағат 10:00 мен 12:00 аралығында, Қазалы аудандық  сотында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі.

Қосымша ақпараттар алу үшін (8724-38) 22-7-72 телефон номеріне хабарласуға болады. Біздің мекен-жайымыз: Қазалы ауданы Әйтеке би кенті  Жанқожа көшесі 96-үй.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

21/04/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік тв»  телеарнасының қатысуымен брифинг өтті. Брифингті судья М.Оспанов жүргізді.

Шара барысында судья Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен сотталған А.-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А.  алкогольдік масаң күйде, қолындағы штакетник ағашпен Н-ның басынан бір рет ұрып, ауыр дәрежелі дене жарақатын салып, жәбірленуші аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде  қайтыс болған.

Өзбекстан Республикасының 10 азаматы қөші-қон заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

21/04/2017

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 2 және 5-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылған 10 Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік істері қаралды.

Әкімшілік істерді қарау барысында анықталған мән-жайларға сәйкес, құқық бұзушылар Жосалы кенті Көшербаев көшесінде орналасқан балабақша құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген жерінде полиция қызметкерлерінің арнайы рейд жүргізу барысында ұсталған.

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл салынды

21/04/2017

Байқоңыр қалалық сотында  азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс бойынша анықталғаны, Төретам кенті Б.Момышұлы мен Ғ.Мұратбаев көшесінің қиылысында көлік құралын басқарып, бас жолда келе жатқан автокөлікке жол бермей соқтығысып, материалдық залал келтірген.

Байқоңыр қалалық сотының қаулысымен азамат Д. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 22 690 теңге айыппұл салынды. 

Қаулы заңды күшіне енбеген.   

Жеңілдетілген іс жүргізу сот ісін қарау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді

21/04/2017

Қызылорда қалалық сотында жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен іс қарау тәжірибесі барынша қолға алынып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, барлық қаралған істердің 24 пайызын осы тәртіппен қаралған істер құраған.

2014 жылдың 29 қарашасында қолданысқа енгізілген жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі жаңа Азаматтық процестік кодекстің 13 тарауы 144-147 баптарымен «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу» деп аталып реттелген. Аталған тәртіппен қаралатын істердің санаттары жаңа кодексте көбейген және істі қарау мерзімі 1 ай  мерзімді құрап отыр.

Қылмыстық жазаға тартылды

21/04/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған сотталушыға қатысты үкім шығарды.

Кәмелетке толмаған сотталушы Х. жәбірленуші М-ды ұрып-соғып, денсаулығына орта дәрежелі зиян келтіріп, құны 100 000 теңге тұратын ұялы телефонын тартып алып, қарақшылық жасап, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.

Есірткі затын заңсыз иемденіп сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

21/04/2017

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен азамат Б-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Әйтеке би кенті Жанқожа батыр көшесінің бойында орналасқан автотұрақта,  полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында азамат Б-ны тоқтатып, куәгерлердің қатысуымен жеке қарау кезінде, полиэтилен пакетке оралған салмағы 0,38 грамм есірткі заты алынған, яғни ол кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.

Сот шешімімен жұмысшының айлықаақысы өндірілді

21/04/2017

Талапкер Е. сотқа жауапкер «А» ЖШС-нен айлық жалақысын өндіру туралы талап қою арызын келтірген.

Аталған мекемеде талапкер логист қызметін белгілі бір уақыт атқарған. Алайда оның жұмыс жасаған уақытындағы айлық сомасы толық төленбеген және ол 116 340 тенгені құраған. Сол себепті, соттан аталған қарыз сомасын толық өндіруді сұрады.

Аталған жағдайлар талапкердің еңбек кітапшасындағы жазбалар мен мекеменің жұмыскерлер алдындағы қарыздары туралы анықтамамен бекітілген.

Сот борышкерге іздеу жариялау туралы ұсынысты қанағаттандырды

21/04/2017

Арал аудандық сотымен сот актілерін орындау Департаментінің Арал аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысының кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуға алимент төлеуден жалтарып жүрген азамат А-ға іздеу жариялау туралы ұсынысы қанағаттандырылды.