Архив событий

31/03/2017

Сот үкімімен бас бостандығы шектелді

31/03/2017

Шиелі аудандық сотында ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі 2 тармағымен сотталушы О. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Шиелі кенті әкімі аппаратының бас маман-заңгері қызметін атқарып жүрген сотталушы О., жәбірленуші М-ға жер телімін алып беремін деп бөтеннің мүлкін сенімді теріс пайдалану жолымен жәбірленушіден алаяқтық жолмен барлығы 500 000 теңге көлемінде ақшасын алдап алып, ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында қаралған қылмысты жасаған.

Соттарда «Ашық есік күндерін» өткізу туралы

31/03/2017

Қызылорда облысының соттарында «Ашық есік күндері» ұдайы өткізіліп отырады.

Бұл іс-шараның өткізілуі соттың азаматтар үшін ашықтығын, келушілердің өздерін толғандырған, оның ішінде сот жұмысын ұйымдастыруға қатысты,  сұрақтары бойынша жан-жақты түсіндірмелер алуын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.

Шарада Қазақстан Республикасы заңнамаларындағы өзгерістер және сот қызметіндегі жаңа технология жетістіктерін пайдалану бойынша түсіндірмелер алуға болады.

Шиелі аудандық сотында семинар сабағы өтті

31/03/2017

Шиелі аудандық сотында сот қызметкерлерінің арасында «Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидасы» аясында семинар сабағы өткізілді.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер

31/03/2017

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық  бұзушы  Е.  бұған дейін 2016 жылы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушулыққа тартылып, үш тәулікке қамаққа алынғаны анықталып, бір жыл ішінде екі рет қайталап өз үйінде, масаң күйде баласына былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсетіп, жанұясының тыныштығын бұзғаны анықталды.

Қазақстан Республикасының Халықаралық шарттары тақырыбында семинар сабағы өткізілді

31/03/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен судьялар арасында «Қазақстан Республикасының Халықаралық шарттары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараны сот төрағасы А.Дауренбеков ашып, сөз кезегін баяндамашыға берді. Судья М.Сарсенов қатысушыларды «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысымен таныстырды.

Сотта «Атқару парақтарының орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

31/03/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Атқару  парақтарының орындалуы»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі А.Кемалов, Қызылорда облысы бойынша Әділет Департаментінің сот актілерін орындау жөніндегі орынбасары Ж.Абсат, Қызылорда облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Н.Саимов, ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары С.Тоқтамысов, экономист-бухгалтер Ә.Бесбаева және сот қызметкерлері қатысты.

Арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

31/03/2017

Арызданушы Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасы Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотына арыз беріп, онда кәмелетке толмаған А. некесіз туылғанын, анасы қайтыс болғаннан кейін көршілерінде тұрғанын, қазіргі уақытта мектеп-интернатында тұрып жатқанын, ол жақтан жиі қашып кететінін, сабақтан кетіп қалатынын, мектеп ережелеріне бағынбайтынын, оқуға деген ынтасы жоқ екенін, сондықтан кәмелетке толмаған А-ны девиантты мектеп интернатына 1 жыл мерзімге жолдауды сұрады.

Рақымшылық Заңы қолданылып, жазаның өтелмеген бөлігі қысқартылды

31/03/2017

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің Қармақшы аудандық пробация қызметі Қармақшы аудандық сотының 2016 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, ҚК-тің 55-бабының 4-бөлігін қолданып, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, мүлкін тәркілеп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған Г-ға «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының талабына сай жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің төрттен бірін қысқартуды сұрап ұсыныс енгізген.

Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған шетелдік жауапкершілікке тартылды

31/03/2017

Арал аудандық сотында азамат М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматы М. Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, жұмысқа орналасуға арнайы рұқсат алмай, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының халықтық көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Қызылорда қалалық сотында тараптарды сот отырысына шақырту және хабарлау тәртібі аясында семинар

31/03/2017

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысымен 05.03.2016 жылы бекітілген «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу Ережелеріне»  сәйкес, тараптарға сот отырысы жайлы хабарлау мен шақырту тәртібін оқып-үйрену сабағы өтті.       

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

31/03/2017

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 1 бөлігімен сотталушы А-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А. қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамды құрметтемеу анық көрінетін азаматтарға күш қолдану мақсатында, кафенің ішінде жәбірленуші Ә-ні кездестіріп, себепсізден-себепсіз басынан аяғымен бірнеше рет ұрып, соңғының денсаулығына «жеңіл» дәрежелі зиян келтірген.

Қазалы аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

31/03/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік тв» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті. Брифингті төраға Қ.Темірбаев жүргізді.

Шара барысында төраға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен айыпталған сотталушы Қ-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Рақымшылық заңы қолданылып, айыппұл жазасынан босатылды

31/03/2017

Қармақшы аудандық сотында аудандық соттың 2015 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып 99 100 теңге айыппұл салу жазасына сотталған Р-ны «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес жазадан босату туралы жеке сот орындаушының ұсынысы қаралды.

Рақымшылық жасау туралы Заңның 2-бабының 1-бөлігінің негізінде қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылатыны көзделген.

Сот ата-аналарға айыппұл түріндегі жаза тағайындады

31/03/2017

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы  А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  құқық бұзушы А-ның кәмелетке толмаған баласы Т. сағат 23:20-да заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерде болған.

Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлағаны үшін екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

31/03/2017

Арал аудандық сотында азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы С. бөтеннің мүлкін тұрғын-жайға заңсыз кіру жолымен жасырын ұрлау мақсатында азамат Е-нің үйінің ауласына кіріп, үй иелерінің ұйықтап жатқандығын пайдаланып, тұрғын үйге терезесін сындырып кіріп, 250 000 теңге ақшасын жасырын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.