Архив событий

19/04/2017

Жалағаш аудандық соты 2017 жылдың 3 айы жұмысын қорытындылады

19/04/2017

Жалағаш аудандық сотында 2017 жылдың 3 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Шараға сот төрағасының міндетін атқарушы Т.Темірбаев, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Алтынбаев, «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі қатысты.

Дара кәсіпкер лицензиясыз алкоголь өнімдерін сақтап, сатқан

19/04/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында дара кәсіпкер А-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы дара кәсіпкер А. азық-түлік дүкенінде лицензиясыз жалпы сомасы 181 500 теңге тұратын 270 дана шөлмек алкоголь өнімдерін сақтап және сатқаны үшін 24.03.2017 жылы Қызылорда қаласы бойынша мемелекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен оған қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.

Сот кәмелетке толмағанның ата-анасына әкімшілік жаза тағайындады

19/04/2017

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабына сәйкес азаматша Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Б-ның кәмелетке толмаған баласы қоғамдық орында, яғни Сексеуіл кенті Қазақстан көшесі бойына қоқыс қалдықтарын тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 819-бабының 2 бөлігі басшылыққа алынып, 11 118 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қызылорда қалалық сотында талқылау өтті

19/04/2017

Қызылорда қалалық сотында судьялардың қатысуымен ҚР Жоғарғы Сотымен әзірленіп жатқан «Салық заңнамасын қолдану тәжірибесі» нормативтік қаулысының жобасын талқылау өтті.

Онда соттармен салыққа қатысты дауларды шешуге, салық органдарының сотқа жүгіну тәртібі және салық органдарының қаулыларына шағымдану тәртібіне қатысты сұрақтар талқыланды.

Сондай-ақ, қылмыстық істерден бөлінетін салық дауларының және тіркеу орнынан табылмаған жауапкер болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты істердің қаралу тәртібі талқыланды.

Ұрлық оқиғасы бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты

19/04/2017

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Б. Қазалы ауданы Мұратбаев ауылында жәбірленуші Н-ның азық-түлік дүкенінің құлпын бұзып, дүкен ішінен ақшасын, әртүрлі заттарды, ұялы телефонын жасырын жымқырып, жәбірленушіге  58 000 теңге мүліктік зиян келтірген.

Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді

19/04/2017

Қармақшы аудандық  сотында 2017 жылдың 24 сәуір күні сағат 10:00 мен 12:00 аралығында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қоя алады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 8(72437)2-29-95 номеріне хабарласуға болады.

Сот 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

19/04/2017

Сырдария  аудандық сотында құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы А. автокөлігімен жасанды кедергіні айналып, қос сызықты басып, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытына жүруге арналған жағына шығып, құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы хаттамасы толтырылған.

Діни мазмұндағы кітап өткізген үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған

19/04/2017

Қызылорда  қаласының  мамандандырылған  әкімшілік  соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, азамат К. мешіт алдында діни мазмұндағы кітаптарды өткізіп, таратудағы әрекеті үшін полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. ҚР ӘҚБтК-ң 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған қызметін 3 ай мерзімге тоқтата тұрып, діни мазмұндағы кітаптары жойылып, 50 АЕК көлемінде 113 450 теңге, 30 пайызға қысқартылып, 79415 теңге айыппұл салынды.

Құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты, әкімшілік жауаптылықтан босатылған

19/04/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы К. Қызылорда қаласы Қорқыт Ата көшесінде алкогольдік масаң күйде болып, Қызылорда қаласының №2 сотының 22.06.2016 жылғы қаулысының және ҚІІБ-мен бекітілген шектеу талаптарын бұзғаны үшін полиция қызметкерлерімен оған қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 669-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.

Пара алғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

19/04/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында азамат Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғаны, Қызылорда ҚІІБ-нің тергеушісі Д. тергеу өндірісіндегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру біріңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтарымен тіркелген қылмыстық іс бойынша күдікті И-ден қылмыстық істі өндірістен қысқарту үшін 150 000 теңге пара сұрап, сол күні 50 000 теңгесін алған,  ал ертесіне Қызылорда ІІБ-нің ғимаратының алдында 100 000 теңге пара ретінде алып жатқан жерінен ұсталған.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19/04/2017

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот талқылауы барысында, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, Арал аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы толтырылып, ол бойынша құқық бұзушыға жанұя мүшелеріне қатысты қандай да бір жан немесе тән азабын келтіретіндей әрекеттер жасауға тыйым салынғаны анықталған.