Архив событий

12/04/2017

Облыстық соттың алқа төрағасы Б.Қалымбет Сырдария аудандық сотының жас судьясын қабылдады

12/04/2017

Бүгін Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қалымбет Бақытжан Мүсілімбекұлы Сырдария аудандық сотында арнайы жұмыс сапарымен болып, аудандық соттың жас судьясы Жарас Жолдасовпен қабылдау жүргізіп, жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Сырдария аудандық сотында азаматтарды қабылдады

12/04/2017

Бүгін 12.04.2017 жылы  Қызылорда облыстық сотының төрағасы  Қайырбеков Нұрлан Мұратұлы арнайы іс-сапармен Сырдария аудандық сотында болып, аудан тұрғындарына жеке қабылдау жүргізді.

         Қабылдауға келген аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген жеке мәселелері бойынша облыстық сот төрағасының қабылдауында болу мүмкіндігіне ие болып, заң аясында тиісті жауаптарын алды.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

12/04/2017

2017 жылы сәуір айының 17 жұлдызында сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесі 29 үй мекен жайында орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық почтасы арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды.

Қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды

12/04/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен сотталушы А-ға қатысты үкім жарияланды.

Сотта анықталғандай, сотталушы А. кәмелетке толмаған жәбірленуші И-мен сөзге келіп, жанжалдасып, кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана зиян келтіру мақсатында жәбірленушіге өзінің пышағымен екі мәрте соққы жасап «ауыр» дәрежелі дене жарақатын салған.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

12/04/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Іс-шараны БАҚ-пен өзара іс-қимылды үйлестіруші судья міндетін атқарушы М.Сарсенов жүргізді. Судья 2017 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 652 азаматтық істердің қаралғанын, оның ішінде 531 іс бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.

Рақымшылық Заңы қолданылып, жазаның өтелмеген бөлігінің жартысы қысқартылды

12/04/2017

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің Қазалы аудандық пробация қызметі, Қазалы аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 188-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 63-бабын қолданып, тағайындалған жаза сол мерзімге шартты деп есептеліп, бас бостандығынан айырудың барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленген сотталған Т-ның «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының талабына сай жаза мерзімінің өтелмеген

Сот қаулысымен 150 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды

12/04/2017

Байқоңыр қалалық сотында сотталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Б. Байқоңыр қалалық сотының қаулысымен көлікті басқару құқығынан үш жылға айырылған тұлға бола тұра, көлік құралын есірткілік масаң күйде басқарған.

Сот үкімімен сотталушы Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, көлікті басқару құқығынан 3 жылға айырыла тұра, 150 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі аясында семинар өткізілді

12/04/2017

Сырдария аудандық сотының қеңсе қызметкерлерінің арасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» бойынша семинар өткізілді.

Семинар жұмысын кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев ашып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп қағидалары туралы айтып берді.

Шиелі аудандық сотында брифинг өтті

12/04/2017

Шиелі аудандық сотында «Өскен өңір» газеті тілшісінің қатысуымен «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында брифинг өткізілді. Брифингті аудандық соттың судьясы А.Түбекбаева өткізді.

Қызылорда қалалық сотында 2017 жылдың бірінші тоқсанында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

12/04/2017

Қызылорда қалалық сотында 2017 жылдың бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің  қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясын Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова жүргізді.

Қызылорда қалалық сотына 2017 жылдың үш  айында 4170 азаматтық іс пен талап арыз түскен.

Аяқталған азаматтық істердің саны 3732 (2016 жылдың 3 айында 2225) істі құрады.

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында брифинг өткізілді

12/04/2017

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы О.Абдукаликов БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 45-тарауымен қаралған әкімшілік істер бойынша брифинг өткізді.

Брифинг барысында судья О.Абдукаликов 2017 жылдың 3 айында келіп түскен осы санаттағы шағымдар санына, олардың мазмұндары мен себептерін талдап көрсетіп, сотта қаралған бір шағымға тоқталып өтті.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер

12/04/2017

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық  бұзушы  Б.  бұған дейін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушулыққа тартылып, ескерту алынған, бір жыл ішінде екі рет қайталап Ақай ауылында орналасқан өз үйінде, масаң күйде жұбайына былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсетіп, жанұясының тыныштығын бұзған.

Дау пилоттық жоба тәртібімен реттелді

12/04/2017

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен дауды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытында пилоттық жоба жүзеге асырылуда.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер Д-ның жауапкер А-дан кәмелетке толмаған баласымен кездесу уақытын белгілеу  туралы азаматтық ісі қаралды.