Архив событий

04/04/2017

Көлік құралын есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

04/04/2017

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес,  құқық бұзушы К. автокөлігін М-32 разъезд «Арал-Шеп» тас жолы бойында есірткілік масаң күйде басқарғаны анықталды.

К-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасымен және медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденген.

Маскүнемдіктен еріксіз емделуге жіберілді

04/04/2017

Қармақшы аудандық сотында азамат Б-ны маскүнемдіктен еріксіз емделуге жіберу туралы «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ның арызы қаралды.

Арыз беруші аудандық орталық емхана арызында азамат Б-ның маскүнемдік дертіне шалдыққанын, төрт мәрте ОНО-да емделгенін, бірақ нәтиже жоқ екенін, отбасының тыныштығын үнемі бұзатынын, сондықтан оны маскүнемдіктен еріксіз емделуге жіберуді сұрайтынын көрсеткен.

Соттың шешімімен өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығы танылды

04/04/2017

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның салынған тұрғын сарайға меншік құқығын тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Ж. талап қою арызында Әйтеке би кентіндегі жер учаскесіне тұрғын сарай салғанын, тәуелсіз сарапшы Т-ның аталған тұрғын сарай құрылысының Қазақстан Республикасы ҚНжЕ-нің талаптарына сай салынғандығы және техникалық жағдайларының қанағаттанарлық екендігі туралы акті әзірлегенін көрсетіп, Әйтеке би кенті Қазбек би көшесіндегі  жер учаскесіне салынған тұрғын сарайға меншік құқығын тануды сұраған.

Алкогольді масаң күйінде автокөлік басқарғаны үшін 3 жылға көлік басқару құқығына айырылды

04/04/2017

Шиелі аудандық сотында азамат Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғаны, құқық бұзушы Е. Шиелі кенті С.Сейфуллин көшесінің бойында автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарған.

Құқық бұзушының мас күйін медициналық тұрғыда куәландыру актісіне сәйкес, оның құқық бұзушылық жасаған сәтте алкогольдік масаң күйде болғандығы анықталған.

Талапкердің талап арызы қанағаттандырылды

04/04/2017

Талапкер қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, талап арыз беріп, онда жауапкер Н-ның кәмелетке толмаған балалары кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылғанын, жауапкер ішімдікке әуес екенін, жұмыс істемейтінін, балаларының тәрбиесімен айналыспайтынын, наркологиялық орталықта есепте тұратынын, ата-аналық құқығынан айырылғанын, алайда кейін құқығы қалпына келтірілгенін көрсетті. Сондықтан соттан жауапкер Н-ны кәмелетке толмаған балаларына қатысты ата-аналық құқығынан айырып, алимент өндіруді сұраған.

Құқық бұзушылығы үшін айыппұл салынды

04/04/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық бұзушыға қатысты қаулы шығарды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы В. өзінің кәмелетке толмаған қызы Д-ның түнгі уақытта компьютерлік клубында заңды өкілінсіз жүруіне жол берген. 

Сот қаулысымен құқық бұзушы В. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 23825 тенге айыппұл салынды.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

04/04/2017

2017 жылдың 19 cәуірінде, сағат 10:00-ден 12:00 аралығында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.