Архив событий

26/04/2017

Мектеп оқушылары соттың бір күндік тыныс – тіршілігімен танысты

26/04/2017

Қызылорда облыстық сотына Қызылорда қаласында орналасқан С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектептің басшысы хат жолдады. Аталған хат орындау үшін аудандық соттарға жолданған болатын.

Мектеп басшысы А.Алтынбекова өз хатында сот органдарына мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастыруды сұраған.

Кездесу оқушылардың құқықтық білімінің ақпараттық деңгейін көтеру және заңгер мамандығын таңдаған оқушыларды сот жұмысымен таныстыру мақсатында өткізілуі тиіс болған.

Ауыл тұрғындарына пилоттық жоба бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

26/04/2017

Қармақшы аудандық сотының судьясы Е.Кұтыбаев және кәсіби емес медиатор Л.Дінкешова Ақтөбе ауылына барып, пилоттық  жоба  бойынша  түсіндірме  жұмыстарын  жүргізді.

Судья пилоттық жоба азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылатынын, оның міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатынын атап өтті.

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы азаматтарды қабылдады

26/04/2017

Сот жұмысын ұйымдастыруға байланысты қабылданған өкімге сәйкес, Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекова азаматтарды қабылдау өткізді.

Қабылдау азаматтардың арыз-шағымдарын және басқа да өтінімдерін тыңдау, оларды шешу үшін жедел шара қолдану мақсатында, Қызылорда қалалық сотымен жетісіне екі рет, басқа елді мекендерден келген азаматтар үшін күнделікті жұмыс уақытысында өткізіледі.

Қабылдауға келген қала тұрғыны Ә.Айтенов иелігіндегі жер теліміне қатысты сұрақтар қойды.

Сот төрағасы және судьялары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттеріне дәріс оқыды

26/04/2017

Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы Әбу Айбек Кеңесұлы «Қазақстан Респубдикасы судьяларының VII сьезінде Банголор қағидасына сай қабылданған судьялық әдеп кодексі» тақырыбында және судьялар Кусекеев Күмісбай Алқуатұлы, Жаңабаев Балғабай Ұзайырұлы «Адамның және азаматтардың конституциялық құқын шектейтін барлық қызметі жөніндегі өкілеттіктерді  тергеу судьясына беру мәселесі, тергеу судьясының өкілеттіктері» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  мемлекеттік университетінің студенттеріне дәріс оқыды.

Еңбек өтілін анықтады

26/04/2017

Жалағаш аудандық сотында арызданушы Ж-ның құқықтық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.

Арыз беруші Ж. сотқа арыз беру себебі зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты, зейнеткерлік құжаттарды рәсімдеу мүмкін болмай тұрғандығын айтып, осыған орай еңбек кітапшасындағы қателікті түзеп беруін сұрады.

«Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

26/04/2017

Байқоңыр қалалық сотында «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға қалалық сот судьялары К.Нурпейсова, Е.Шевцова, адвокат Б.Исакова, ІІБ қызметкері Г.Сулейменова, Әділет басқармасының қызметкері Ж.Омарова кеңсе меңгерушісі А.Жұбатханов және сот қызметкерлері қатысты.

Алимент өндіру жайлы сот бұйрығы шықты

26/04/2017

Сырдария аудандық сотына арызданушы М. арыз беріп, арызында борышкер У. екеуі 2008 жылы заңды некеге тіркелгендерін, осы некеден араларында екі баласы бар екенін көрсеткен.

Борышкердің бүгінгі таңда бөлек тұрып жатқанын және оның өз еркімен балаларын асыраудан бас тартып отырғандығын көрсетіп, арызданушы соттан балаларын асырау үшін борышкерден алимент өндіріп беруді сұраған.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл тағайындады

26/04/2017

Құқық бұзушы А. белгіленбеген орынға коммуналдық қалдықтарды тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы А. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Соттың қаулысымен А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 22 690 теңге айыппұл салынды.

Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

26/04/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы А.Әбу  қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.