Архив событий

25/04/2017

Жол жүрісі қағидасын бұзғаны үшін айыппұл салынды

25/04/2017

Арал аудандық сотында «Арал аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты көшеге жарық беру бағанына соққан азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бұған байланысты полиция қызметкерімен ҚР Жол жүрісі қағидасының 10.1-бөлігінің талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оның әрекеті Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610- бабының 1-бөлігімен дәрежеленген.

Ұрлық жасауға оқталу оқиғасы бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты

25/04/2017

Қазалы аудандық сотында сотталушы Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Р. жәбірленуші Н-ның үйінің ауласында орналасқан сарайына кіріп, ішінен заттар ұрламақшы болған кезінде Н. келіп қалып, қылмыстық әрекетін өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмай ұрлық жасауға оқталған.

Басты сот талқылауында, сотталушы мен жәбірленуші «Медиация туралы» Заңының тәртібімен өзара татуласып, келісімге келіп, істі қысқарту үшін медиативтік келісімді сотқа ұсынды.

Еңбек жалақысының айырмашылығын өндіру қанағаттандырудан бас тартылды

25/04/2017

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы М.-ның еңбек жалақысының айырмашылығын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы М. талап қою арызында, 2015 жылы  балабақша меңгерушісінің міндетін қоса атқарғаны үшін төлеуге тиісті 8 сағаттың орнына, 4 сағат және  2016 жылы тәрбиеші А.-ның босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі еңбекке жарамсыздық парағына шығуына байланысты, қосымша тәрбиешілік жүктеліп, тиісті 50 пайыз еңбекақысының орнына 30 пайыз еңбекақы төленгенін, сондықтан осы айлық жалақысының айырмашылығын өндіруді сұраған.

Талап қоюшының талабы толықтай қанағаттандырылды

25/04/2017

Арал аудандық сотында бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібімен талап қоюшы Н-ның балаларын күтіп-бағуға алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы жауапкермен 2017 жылдың қаңтар айына дейін бірге тұрған. Некеден үш балалы болған. Балалар талап қоюшының қамқорында. Жауапкермен бүгінгі күнге дейін балаларына қандай-да бір көмек көрсетілмеген.

Автокөлікті басқару құқығынан үш жылға айырылды

25/04/2017

Шиелі аудандық соты Қазақстан құқық бұзушы Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Б. Шиелі кенті Досбол датқа көшесінің бойында автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталған.

Соттың қаулысымен Б Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған көлік құралын басқару құқығынан үш жылға айыру түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.

Оңайлатылған іс жүргізудің тиімділігі

25/04/2017

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарындағы реформалар көрініс тапқан.

Бұл кодекс азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта тиімді қорғауға, дауларды қарау мен шешудің жеделдігін арттыруға, сот актілерінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен бірге, сот ісін жүргізу тәртібін жеңілдету мақсатында, кодекске іс жүргізудің жаңа түрі - оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі енгізілген.