Еңбек жалақысының айырмашылығын өндіру қанағаттандырудан бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы М.-ның еңбек жалақысының айырмашылығын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы М. талап қою арызында, 2015 жылы  балабақша меңгерушісінің міндетін қоса атқарғаны үшін төлеуге тиісті 8 сағаттың орнына, 4 сағат және  2016 жылы тәрбиеші А.-ның босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі еңбекке жарамсыздық парағына шығуына байланысты, қосымша тәрбиешілік жүктеліп, тиісті 50 пайыз еңбекақысының орнына 30 пайыз еңбекақы төленгенін, сондықтан осы айлық жалақысының айырмашылығын өндіруді сұраған.

Басты сот талқылауында, талап қоюшыға балабақша меңгерушісі міндетін қоса атқару өзінің келісімен жүргізілгендігін, оған жалақының 50 пайызы мөлшерінде қосымша ақы төленгендігі, тәрбиешілік атқарғаны үшін  30 пайыз қосымша еңбекақы төленгендігі анықталды.

Сот шешімімен талап қоюшы М.-ның еңбек жалақысының айырмашылығын өндіруді сұраған талабы қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі