Архив событий

18/04/2017

Арал аудандық сотында жеке кәсіпкердің құқығы қорғалды

18/04/2017

Арал аудандық сотында аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы жүргізген камералды бақылау қорытындысы бойынша жеке кәсіпкер Т.Махановқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 281-бабының 5-бөлігінің 2-тармағымен толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша әкімшілік іс қаралды.

Енесінен ірі мөлшерде ақша жымқырған келіннің қылмыстық ісі бойынша брифинг өтті

18/04/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік тв» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті. Брифингті аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев жүргізді.

Шара барысында төраға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотталған Ж.-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сотталушы Ж. үйінің ауласында орналасқан сарайда тұрған, өзінің енесінің сандығының құлпын кілтпен ашып, сандық ішінде тұрған 3 200 000 теңге ақшасын жасырын жымқырып, жәбірленушіге ірі мөлшерде мүліктік зиян келтірген.

Қызылорда қалалық сотында брифинг өтті

18/04/2017

Қызылорда қалалық сотында жергілікті басылымдар тілшілерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судья Ж.Сарбасова сотта қаралған болған азаматтық іс бойынша хабарлама жасады.

Азаматтық іс құжаттарына сәйкес, талапкер М. жауапкер О-мен заңды некелері бұзылғандығын айтып некеде тұрған уақыттағы ортақ мүліктеріндегі үлесін анықтауды және ортақ мүлік пен ортақ борышты бөлуді сұраған.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізілді

18/04/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің 1 курс студенттері келді. Олар сот жүйесіндегі өзгерістер туралы, соттың қарауына жататын істер санаты туралы, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы, жалпы сот саласына қатысты сұрақтар қойды.  

Қызылорда қаласының №2 сотының судьялары қайырымдылық акциясын өткізді

18/04/2017

Қызылорда қаласының №2 сотының судьялары тұрмысы төмен отбасы Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің тұрғыны Өткелбаева Айжанның отбасында болып азық-түлік өнімдерімен, тұрмысқа қажетті заттармен,балаларына киім мен ойыншықпен қамтамасыз етіп көмек көрсетті.

Азаматша А.Өткелбаеваның тұрмысы өте төмен, жанұясында  кәмелетке толмаған төрт баласы бар, жалғыз басты ана, жұмыссыз, жалдамалы пәтерде тұрып жатыр, тек балалардың жәрдем ақысымен күн көріп отырғаны анықталды.

Жаңақорған аудандық соты 2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысымен баспасөз конференциясы өткізілді

18/04/2017

Жаңақорған аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Бекботаев өңірлік «Жаңақорған тынысы» газеті тілшісінің қатысуымен ағымдағы жылдың 1 тоқсаны бойынша қаралған істер мен атқарылған шаралар жайлы баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференция  барысында  ағымдағы  жылдың 1 тоқсанында сотпен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот ісін уақытылы бастап, қысқа мерзімдерде қарау қатаң жолға қойылғаны туралы аталып, мемлекеттік статистикалық туралы ақпарат берілді.

Шиелі аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің сотпен бекітілуіне байланысты тоқтатылды

18/04/2017

Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.

Алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік жауаптылық

18/04/2017

Арал аудандық сотында азаматша Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігінде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн бөлшек сауда арқылы өткiзгендерге, этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзгендерге әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Арал аудандық сотында 2017 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

18/04/2017

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Мәселелердің шешімі дөңгелек үстел басында талқыланды

18/04/2017

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова мен судьялар Қызылорда қалалық прокуратурасының прокурорымен және қала төңірегіндегі жерлерді пайдалану мен қолдануға жауапты мекемелер өкілдерімен дөңгелек үстел басында кездесті.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

18/04/2017

Талапкер «Т» мемлекеттік мекемесі сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «Д» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, тараптар арасында келісім шарты жасалған. Келісім шартқа сәйкес тауарды тапсырыс берушінің өтінімі бойынша 30 күнтізбелік күн ішінде жеткізу міндеттелген.

Алайда, жеке кәсіпкер «Д» келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындаудан бас тартатыны жөнінде тапсырыс берушіге хат жіберіп,өз міндеттемесін орындамаған.

Сырдария аудандық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

18/04/2017

Сырдария аудандық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге  аудандық соттың төрағасы А.Абдулла, кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев, аудан прокурорының көмекшісі Н.Таңбаев, аудандық пробация бөлімінің басшысы У.Төлендіұлы, аудандық әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Н.Дайрабаев, аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Е.Елубайұлы және жеке сот орындаушы Ж.Тұңғышбаев қатысты.

Масаң күйде автокөлік басқарғаны үшін айыппұл тағайындалды

18/04/2017

Жаңақорған аудандық сотымен азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат А. көлік жүргізу құқығынан айырылғанын біле тұра, автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарған. Қорытындыға сәйкес, орта дәрежелі масаң күйде екені анықталған.

Сотпен сотталушы А. Қазақстан  Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып және көлік басқаруға құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 68 070 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Азаматтық іс пилоттық жоба аясында қаралды

18/04/2017

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен медиацияны қолдану салаларын одан әрі ұлғайту мақсатында, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытында пилоттық жоба іске қосылғаны белгілі.