Архив событий

05/04/2017

Автокөлікті масаң күйде басқарған азамат қылмыстық жауаптылыққа тартылды

05/04/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Б. автокөлігімен жарық шамын жақпай келе жатқандықтан Қызылорда ЖППБ-нің қызметкері тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде құжаттары болмағаны үшін әкімшілік хаттама рәсімдеу барысында оның автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғаны анықталып, медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденген.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

05/04/2017

Сырдария аудандық сотымен талапкер Ш-ның жауапкер Г-ден 600 000 теңге қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оның шарты бойынша жауапкер қарызын 2017 жылдың желтоқсан айының 31-не дейін қайтаруға міндеттеніп, талапкер оған келісіп талабынан бас тартатындарын көрсетіп, осы келісімді бекітіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізуді қысқартуды сұрап өтініш білдірген.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

05/04/2017

Қармақшы аудандық сотында құқық бұзушы Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат Б-ның қоғамдық орында бөтелкені белгіленбеген жерге тастап, қоғамдық орынды ластағаны және қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл сомасы 22 690 теңге 30 пайызға қысқартылып,  15883 теңгеге айыппұл салынды.

Сот қаулысы  заңды  күшіне  енбеген.

Қызылорда қалалық сотында іс медиациялық келісімге келумен аяқталды

05/04/2017

Азаматша С. сотқа жауапкер С-ға мүлікті өзгенің заңсыз қолдануынан кері қайтару туралы талап арыз келтірді. Талапкер С. осы жауапкерге ортақ баласы 3 жасқа толғанша жұбайын асырап бағу үшін алимент өндіру туралы да талап арызды сотқа тапсырды.

Баламен кездесу уақыты белгіленді

05/04/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баламен кездесу уақытын белгілеу туралы азаматтық іс қарады.

«Ашық есік күні» өткізілетіні хабарланады

05/04/2017

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотында 2017 жылдың 21 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін "Ашық есік күні" өткізіледі.

Азаматтар мен заңды тұлғаларды  сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты сұрақтарымен Шиелі аудандық сотының төрағасы қабылдайды.

Мүлік құнын өндіру дауы медиация тәртібімен шешілді

05/04/2017

Қазалы аудандық сотында  мүлікті талап ету немесе оның құнын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы  С. сотқа жүгінген арызында,  жауапкер Н-мен некеде болғанын, қазіргі күні жауапкермен бірге тұрмайтындығын, тұрмысқа шыққанда туыстарымен сыйға тартқан дүние-мүлік  Н-ның үйінде қалғанын, сондықтан құны 703 000 теңге тұратын дүние-мүлікті немесе оның құнын өндіруді сұраған.

Жалағаш аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

05/04/2017

Жалағаш аудандық сотында прокуратура, жергілікті полиция, әділет басқармасының өкілдерінің, сот орындаушыларының қатысуымен «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Осы іс-шарада әкімшілік істер бойынша орындауға жолданған сот актілерінің проблемалық мәселелері талқыланды.

Медиация рәсімдерін қолдану

05/04/2017

Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс, әдетте, соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі.

Ойын мекемесiн заңсыз ашқаны үшін сотталды

05/04/2017

Шиелі аудандық сотында сотталушы Қ-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Қ. 2017 жылдың ақпан айының басынан бастап, жалға алған пәтерде ойын орнын заңсыз ашып, интернет желісінен әр түрлі ойын енгізіп, табыс табуды көздеп, ойын құралдарын іске қосып жұмыс істеген.

Сот отырысы барысында Қ. өз кінәсін толық мойындады.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды

05/04/2017

Байқоңыр қалалық сотында Украин азаматшасы Д-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Полиция қызметкерлері шетел азаматының құжатын тексеру барысында Украина азаматшасы Д. ел аумағында ішкі істер органдарында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей, Қазақстан Республикасы аумағында болу тәртібін бұзғаны анықталған.