Архив событий

06/04/2017

Медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан

06/04/2017

Арал аудандық сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Т. көлік құралын басқарып, бекітілген тәртіппен алкогольды масаң күйіне куәландырудан өту жөніндегі полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамаған.

Құқық бұзушының кінәсі іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауаптарымен дәлелденген.

Жалағаш аудандық сотында жиын өтті

06/04/2017

Жалағаш аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында жиын өтті.

Аталған жиынға прокуратура, жергілікті полиция, әділет басқармасының өкілдерінің, сот орындаушылар қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты сот саласы мен құқық қорғау органдары өкілдерінің жұмысына байланысты «Нұр-Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылау болды.

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

06/04/2017

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне байланысты дөңгелек үстел өтті.

Оған аудандық соттың кеңсе қызметкерлері қатысты.

Аталған іс-шара бойынша аудандық соттың бас маманы - сот отырысының хатшысы Э.Серікбаева Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне байланысты  баяндама жасады.

Қызылорда қаласының №2 сотында баспасөз конференциясы өткізілді

06/04/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың  3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференция өткізілді.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді

06/04/2017

Қызылорда қалалық сотында 2017 жылдың 21 сәуірінде сағат 10-00 мен 12-00 аралығында  «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдар қоя алады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 55-97-95, 55-98-07 номеріне хабарласуына болады.

Темекі қалдығын тастағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

06/04/2017

Қармақшы аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сай, азамат А. қоғамдық орында, яғни Жосалы кенті Рысқұлов көшесінің бойында темекі қалдығын жерге тастап, айналасындағыларға сыйламаушылық көрсетіп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

06/04/2017

Талапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «А» шаруа қожалығынан 8 424 700 теңге өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сотта тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен келісілген шарттар бойынша реттеуге келісімге келген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-тармағына сәйкес, тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім  жасасса және оны сот бекітсе іс жүргізу тоқтатылады.

Сот жүйесіндегі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігі сыннан өтті

06/04/2017

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығына сәйкес, «Б» корпусының барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестациядан өткізудің қағидалары бекітілгендігін, сот жүйесіндегі мемлекеттік қызметкерлер арасында бірінші кезең жеке құзыреттерді бағалау кезеңі өткендігі хабарланған болатын.

Баланың тұрғылықты мекен-жайы анықталды

06/04/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық соты талапкердің баланың тұрғылықты мекен-жайын белгілеу туралы азаматтық іс бойынша шешім шығарды.

Алимент төлемегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

06/04/2017

Байқоңыр қалалық сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен азамат С-ның өндіріп алушы К-ның пайдасына 1/2 бөлікте алимент өндіру туралы 2010 жылғы сот бұйрығын орындаудан қашып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны анықталды.

Сотта, азамат С. қазіргі таңда уақытша жұмыссыз екенін, жұмысқа орналаса алмай жүргендіктен алимент төлей алмай жүргенін түсіндіріп, сот актісін орындамағаны жөнінде кінәсін мойындады.