Архив событий

17/04/2017

Есепті кезеңнің есебі тыңдалды

17/04/2017

Қызылорда облыстық сотында кеңсе жұмысының 2017 жылдың 3 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша жиын өтті.

Жиынға Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің кеңсе меңгерушісі Елтай Бөрібаев, Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің бөлім басшылары мен кеңсе мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері, қала орталығында орналасқан соттардың кеңсе мамандары мен хатшылары қатысты.

Шараны ашқан облыстық соттың кеңсе меңгерушісі Елтай Бөрібаев күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге тоқталды.

Судьялар арасында семинар сабағы өтті

17/04/2017

Қызылорда облыстық сотының Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына Қызылорда облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Шараны облыстық соттың судьясы Гүлсім Танатова ашып, 2017 жылдың 3 айында аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бұзылған, өзгерген сот актілерін талқыға салды.

Облыстық соттың судьясы Молдабек Ахметов әкімшілік істерді қарау барысында туындайтын мәселелерге тоқталып өтті.

«Сот кабинеті» функционалымен жұмыс жасау тәртібі түсіндірілді

17/04/2017

Қызылорда қалалық сотының кеңсе меңгерушісі А.Кульманова «Хоум Кредит банк» АҚ Қызылорда қаласындағы филиалына бара отырып «Сот кабинеті» функционалының жұмысы және енгізілген жаңашылдықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Медиация тәртібімен қылмыстық жауаптылықтан босатылды

17/04/2017

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен азамат Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Р. Жалағаш кенті Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан «Халық банкі» АҚ-на тиесілі банкоматтан жәбірленушінің басқа адамға банкоматтан ақша алып беруге көмектесіп жатқанын пайдаланып, жәбірленушінің банкоматтан шығып тұрған 29 000 теңге ақшасын жасырын ұрлаған.

Алайда, сотта істі қарау барысында тараптар медиация тәртібімен татуласып, келісімге келді.

Байқоңыр қалалық сотында 2017 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

17/04/2017

Байқоңыр қалалық сотында ағымдағы жылдың 3 айында қалалық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға қалалық соттың төрағасы мен «Тәуекел туы» газетінің өкілі қатысты.

2017 жылдың 1-ші тоқсанында аудандық сот өндірісіне 21 қылмыстық іс, 78 әкімшілік іс,156 азаматтық іс түскен.

Есепті мерзімде 21 қылмыстық іс қаралып, 21 іс бойынша 13 адамға үкім шығарылған, 8-і сот өндірісінде тоқтатылған.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында 2017 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

17/04/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында 2017 жылдың бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің  қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясын сот төрағасының міндетін атқарушы Қ.Бержанов жүргізді.

Сот өндірісіне 2017 жылдың үш  айында 28 адамға қатысты 12 қылмыстық іс,2016 жылдан 1 қылмыстық іс 3 адамға қатысты қалдықта қалған, 174 талап арыз (арыз)  4 азаматтық іс және 68 әкімшілік іс түскен.

Маскүнемдіктен еріксіз емдеуге жіберілді

17/04/2017

Қармақшы аудандық сотында азамат Ж-ны маскүнемдіктен еріксіз емдеуге жіберу туралы «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ның арызы қаралды.

Арыз беруші аудандық орталық емхана сотқа арыз беріп, онда азамат Ж-ның маскүнемдік дертіне шалдыққанын, үш мәрте ОНО-да емделгенін, бірақ нәтиже жоқ екенін, отбасының тыныштығын кетіретінін, сондықтан оны маскүнемдіктен еріксіз емдеуге жіберуді сұрайтынын көрсетті.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

17/04/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік тв» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті. Брифингті судья М.Оспанов жүргізді.

Шара барысында судья Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы М-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Алаяқтық оқиғасы бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты

17/04/2017

Қазалы аудандық сотында сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ж. алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін сенімді теріс пайдалану жолымен иемденіп арқылы жымқыру мақсатында, жәбірленуші Ж-ның жөндеуге берген ұялы телефонын «жөндеп беремін» деп сеніміне кіріп алдап алып, жәбірленушіге 50 000 теңге мүліктік зиян келтірген.

Полиция қызметкері пара алғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

17/04/2017

Жаңақорған аудандық сотында сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғаны, сотталушы А. Жаңақорған ауданының ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы лауазымын атқарып жүріп, аудан тұрғыны азамат С. ашқан букмекерлік кеңсесі заңсыз қызмет атқарып жатқанын біліп, пара алу ниеті пайда болып, осы қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында, азамат С-дан жалпы қамқорлық жасау үшін айына пара ретінде 20 000 теңге көлемінде ақша талап еткен.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді (17.04.2017 ж.)

17/04/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

  1. Қызылорда қалалық  №2 соты кеңсесінің кеңсе  меңгерушісі (С-R-1 санаты, 1 бірлік) лауазымына:

     Жусупбекова  Мадина  Каштаевна;

20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

17/04/2017

Шиелі аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік құқық бұзған азамат И-ге қатысты іс қаралды.

Азамат  И., автокөлік құралын жүргізу құқығы жоқ бола тұра, Шиелі кенті, Жахаев көшесінің бойында автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында азамат И. өзінің кінәсін толығымен мойындады. Сондай-ақ, оның әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық куәландыру қорытындысымен және іске тіркелген өзге де құжаттармен толық дәлелденіп бекітілді.

Судьяға қатысты жала жабу ісі бойынша брифинг өтті

17/04/2017

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік тв» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті. Брифингті судья Қ.Мыханов жүргізді.

Шара барысында судья Қазақстан Республикасы ҚК-нің  411-бабының 1-бөлігімен  сотталушы А-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сыйламаушылық көрсеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

17/04/2017

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы А. тұрғын үй ішінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өгей анасына сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, отбасының тыныштығын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушы  А. өз кінәсін толық мойындады.