Архив событий

20/04/2017

Қызылорда қалалық сотында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

20/04/2017

Қызылорда қалалық сотында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын  талқылау өтті.

Талқылауға сот төрағасының міндетін атқарушы  А.Молдабекова, судьялар және кеңсе қызметкерлері қатысты.

Талқылауды сот төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова жүргізіп,  мақалада көрсетілген негізгі тақырыптарға тоқталды.

Пробациялық бақылау белгіленді

20/04/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған сотталушы Ю-ге қатысты қылмыстық іс қарады.

Кәмелетке толмаған сотталушы Ю. газ қондырғысы арқылы көп қабатты үйдің 2 қабатына мініп, терезе арқылы пәтер ішіне кірген, осыдан соң сейфтің кілтін іздеп тауып, оны ашып 500 000 теңге және құндылығы 800 000 теңге құрайтын әшекей бұйымдарын ұрлаған, сөйтіп жәбірленуші А-ға жалпы құны 1 300 000 теңге материалдық залал келтірген.

Қызылорда қалалық сотында іс бітімгершілік келісімге келумен аяқталды

20/04/2017

Азаматша Д сотқа жауапкер А-дан  400 000 тенге қарыз сомасын, 40 000 тенге айыппұл және өкілдің қызметі үшін төленген 50 000 тенгені өндіру туралы талап қою арызын келтірді.

Сот отырысында тараптар татуласу келісіміне келіп, жауапкер ай сайын қарыз сомасын қолма қол бөліп төлейтін болған, ал талап қоюшы өз кезегінде жауапкердің шартын қабылдап, айыппұл мен өкілдің қызметіне төленген соманы өндіруді сұраған талабынан бас тартқан. Тараптар соттан бітімгершілік келісімді бекітуді сұраған.

Қызылорда қалалық сотында 2017 жылдың 1 тоқсанында судьялармен сот әділдігін жүзеге асыру сапасы туралы талқылау өтті

20/04/2017

Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Молдабекова 2017 жылдың 1 тоқсанында судьялармен сот әділдігін жүзеге асыру сапасы тақырыбында талқылау өткізді.

Талқылау барысында сот төрағасы осы мерзімде апелляциялық сот алқасында бұзылған және өзгертілген сот актілеріне нақты тоқталды. Аталған сот актілерін қабылдаған судьялардың пікірлерін тыңдады. 

Қараусыз қалдырылып, сырттай шешім қабылданып қаралған және өндірісі тоқтатылып тұрған істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.

«Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

20/04/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

Шараға қатысушыларды судья М.Сарсенов қабылдады.

Қабылдауға келген қала тұрғыны Б.Ержанова мемлекеттік сатып алу заңнамасына байланысты өз сұрақтарын қойды.

Қабылдауды жүргізген судья М.Сарсенов азаматша Б.Ержанованың қойған сұрақтарына жауап берді.

Талап арыз қанағаттандырылды

20/04/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкердің талап арызын қанағаттандырды.

Талапкер О. сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер Н-мен азаматтық некеде тұрғанын, неке заңды түрде тіркелмегенін, жауапкерден кәмелетке толмаған баласы бар екенін, алайда жауапкер баланы асырап бағуға материалдық көмек бермейтінін, баласы деп мойындамайтынын көрсетті, сондықтан кәмелетке толмаған баласына қатысты әкелікті анықтауды және алимент өндіруді сұрады.

Қылмыстық іс бойынша ақтау үкімі шығарылды

20/04/2017

Қазалы аудандық сотында сотталушы Е-ге қатысты жеке айыптау ісі қаралды.

Жекеше айыптаушы Н. шағымында, бұрынғы ажырасқан күйеуі, жекеше айыпталушы Е.  өзінің сыртқы киімі, яғни дубленкасының сыртынан екі қолының қарынан ұстап жұлқылағанын көрсетіп, соңғыға әрекеті үшін шара көруді сұраған.

Сот отырысы барысында сотталушының, жекеше айыптаушының, куәның жауаптарын саралай келіп, іс материалдарында жиналған дәлелдемелерді зерделеп, сотталушы Е-нің кінәсі өз дәлелдерін таппады.

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібі негізінде татуласты

20/04/2017

Сырдария аудандық сотында талапкер Т. мен жауапкер Ж. екеуінің араларындағы некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен реттелген бітімгершілік келісімін бекіту туралы талап-тілек қойып, медиативтік келісімнің талаптары бойынша тараптар сотпен белгіленген мерзімде бір-бірімен татуласып, бір отбасы болып тұрып жатқандары анықталды.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер

20/04/2017

Байқоңыр қалалық соты азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат Д. бұрын Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған адам бола тұра, алкогольдік масаң күйде жеке тұрғын үйінде, әкесіне былапыт сөйлегені анықталды.

Ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық

20/04/2017

Арал аудандық сотында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған азаматша Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, құқық бұзушы Н-нің кәмелетке толмаған баласы С. бір айға жуық уақыт аралығында оқуына дәлелді себептерсіз бармаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 11 118 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

20/04/2017

Қазалы аудандық сотында сотталушы Р.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің  188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Р. алкогольдік масаң күйінде жәбірленуші Г-нің тұрғын үйінде тұрған велосипедін жасырын жымқырып, жәбірленушіге 20 000 теңге мүліктік зиян келтірген.

Басты сот талқылауында, сотталушы мен жәбірленуші «Медиация туралы» Заңының тәртібімен өзара татуласып, келісімге келіп, істі «Медиация туралы» Заңына сәйкес қысқарту үшін медиативтік келісімді сотқа ұсынды.