Жол жүрісі қағидасын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында «Арал аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты көшеге жарық беру бағанына соққан азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бұған байланысты полиция қызметкерімен ҚР Жол жүрісі қағидасының 10.1-бөлігінің талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оның әрекеті Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610- бабының 1-бөлігімен дәрежеленген.

Сот отырысында құқық бұзушы хаттамада көрсетілген жол-көлік оқиғасына қатысты мән-жайларды растап, өз кінәсін мойындаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы У. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15883 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі