Жалағаш аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Соттарда өткізілетін «Ашық есік күндері» жұртшылыққа құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтық мәдениетін көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Осынау игі шараның аясында Жалағаш аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында азаматтарды сот төрағасы  А.Мизанбаев қабылдады.

Заңдық көмекке мұқтаж жандар көкейкесті сұрақтарымен жүгінді. Оның ішінде Жалағаш ауданының тұрғыны Ж. борышкер А. екі баласына сот шешімімен өндірілген алиментін ала алмай жүргені туралы жүгінді.

Еңбек ауылының  тұрғыны У. жалдамалы тұрғын үй мәселесі бойынша сұрақтармен келді.  Сот төрағасы А.Мизанбаев қойылған әр бір сұраққа заң тұрғысынан жан-жақты жауаптар беріп және жекелеген сұрақтар бойынша заңгерге жүгінуге кеңес берді.

Қайнар: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі