Жолсерік қызметіне тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы С-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы С. жолсерік қызметіне тұрғызып бере алатынына сендіріп, жәбірленушілер Г мен М-дан  әрқайсысынан 700 000 теңгеден, жәбірленуші А-дан 800 000 теңге, жәбірленушілер А. мен Н-дан әр қайсынан 450 000 теңгеден алып, бас пайдасына жаратып, алаяқтық жасаған.

Жәбірленушілер басты сот талқылауында қылмыспен келтірілген зияндар қайтарылмағанын, өндіруді талап ететіндерін көрсетті.

Сот үкімімен сотталушы С. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 3 жылға бас бостандығын шектеуге жазаланды. ҚК-нің 44-бабының 1-бөлігінің тәртібі бойынша 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, ол жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда 120 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.                      

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі