Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы А. қоймаға заңсыз кіру арқылы ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, жәбірленуші Ж-ның мүлкін ұрлап, жәбірленушіге 115000 теңге материалдық залал келтіріп, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласып, медиация тәртібімен жасалған келісімді   бекітуді сұрады.

Соттың қаулысымен сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласып, медиация рәсімімен келісімге келіп, татуласуына және келтірілген зиянның есесінің толтырылуына байланысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігі негізінде өндірістен тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі