Семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кеңсе қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді.

Семинарға кеңсе меңгерушісі М.Асанова, бас маман Қ.Шакиев, Е.Ардабаева, жетекші маман Л.Баку мен А.Нешжанова қатысты.

М.Асанова шараны ашық деп жариялап, сөз кезегін баяндамашы Л.Бакуға берді, ол өз кезегінде «Сот тапсырмалары бойынша келіп түскен материалдырды қарау тәртібіне» тоқталып өтті.

Баяндамашы Нешжанова А. қатысушыларды сот ғимаратына кіріп шығу рұқсатнама режимі талаптарымен таныстырып өтті.

Кеңсе меңгерушісі М.Асанова мемлекеттік тілдің іс жүргізуде қолданылудың маңыздылығы туралы атап өтті.

Семинар соңында қатыстушылар өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі