Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында Өзбекстан Республикасының азаматы К-ге  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Өзбекстан Республикасының азаматы К. 02.03.2017 жылы Қазақстан Республикасына келіп, тіркеуге тұрғанда 01.04.2017 жылға дейін болатындығын көрсеткен.

Алайда, құқық бұзушы көші-қон карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасында болу мерзімі өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде ел аумағынан кетуден жалтарып, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.

Байқоңыр қалалық сотының қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен  кінәлі деп танылып, 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа жазаланады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі