Арал аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі және оның қызметінің жүзеге асырылуы» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Брифинг барысында судья Н.Бекетаев журналистерге қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын Қылмыстық процестік кодексінде  көзделген тәртіппен жүзеге асыратын тергеу судьясының өкілеттілігі жөнінде айтып берді.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың осы кезеңінде аудандық сотта тергеу судьясымен күзетпен ұстауды санкциялау туралы 5 өтініш, алуды санкциялау туралы 1 өтініш қаралғанын айтып, азамат И-ге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту жөнінде қаралған өтініш бойынша ақпарат беріп,  журналистердің  қойған сауалдарына жауап берді.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі