Архив событий

24/02/2017

Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы тағайындалды

24/02/2017

Бүгін облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Бақытжан Қалымбет Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 ақпандағы №426 Жарлығымен тағайындалған Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы Әбу Айбек Кеңесұлын ұжымға салтанатты түрде таныстырды.

Жаңақорған аудандық сот төрағасы азаматтарды қабылдады

24/02/2017

Аудандық сотта азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес, аудандық сот төрағасы Н.Қосанов 22 ақпан 2017 жылы азаматтарды қабылдады.

Азматтарды қабылдау барысында, азаматша Н. 06 қазан 2014 жылы  осы сотпен баласын асырап бағу үшін борышкер Н. алимент өндіру туралы сот шешімі қабылданып, атқару құжатын аумақ бойынша сот орындаушыларға жолданғанын, осы аталған атқару құжаты бүгінгі күні аумақтық сот орындаушылар бөлімінде жоқ  болуына байланысты, атқару құжатын  қайталап алу үшін  қайда барамын, не істеу керек деп сұрады.

«Гендерлік саясаттың қоғамдағы орны» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

24/02/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен сот қызметкерлері арасында «Гендерлік саясаттың қоғамдағы орны» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараны кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы ашып, сөз кезегін баянадамашыға берді.

Қазалы аудандық сотында семинар өткізілді

24/02/2017

Қазалы аудандық сотында сот кеңсесі қызметкерлерінің қатысуымен «Интернет модульдермен, фото-бейне камералармен  жабдықталған  мобильді  құралдарды  мемлекеттік органдардың  ғимаратына  алып кіруге тосқауыл қою»  тақырыбында семинар  сабағы өткізілді.

Гендерлік теңдік стратегиясы

24/02/2017

Сырдария аудандық  сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында  дөңгелек  үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы А.Абдулла, судья Ж.Жолдасов және кеңсе мамандары қатысты.

Жаңақорған аудандық сотында семинар өтті

24/02/2017

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша көлік басқару құқығына айыру жазасы» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы мен судьялары, кеңсе қызметкерлері, аудандық прокуратураның өкілі, Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері, жол полиция бөлімшесінің қызметкерлері қатысты.

Аудандық сотта «Ашық есік күні» өтеді

24/02/2017

Қазалы  аудандық сотында 2017 жылдың 27 ақпан күні сағат 10:00 мен 12:00 аралығында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қоя алады.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» іс шарасы өтті

24/02/2017

Шараға келген азаматтарды аудандық соттың төрағасы  Қ.Абдуллаев қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге жергілікті халықты ақпаратпен қамтамасыз ету, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру, жемқорлықтың алдын алу болып табылады.

Медиация рәсімдерін қолдану

24/02/2017

Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс, әдетте, соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі.

Мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді

24/02/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі М.Асанова Қызылорда қаласының №176 орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Шара барысында мектеп оқушылары қызығушылық танытып, көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, олардың заңды құқықтармен мен міндеттері туралы сұрады.

Сотта тараптар медиативтік келісімге келді

24/02/2017

Жалағаш аудандық сотында ҚР ӘҚбҚ-нің 73-бабы 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Ж. үйінде анасына отбасылық-тұрмыстық жанжал, дау кезінде ол өзін агрессивті ұстап, ескертуге мән бермей, анасының намысына келетін сөздер айтқан.

Сот мәжілісінде азамат Ж. өзінің кінәсін мойындап, яғни масаң күйінде болғанын, анасына балағат сөздер айтқанын, сонымен қоса әкімшілік құқық бұзғанын айтты.

Қоғамдық орынды ластаған үшін жауапкершілікке тартылды

24/02/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлған ауданаралық соты құқық бұзушы Е-ге қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Е-ның кәмелет жасына толмаған ұлы қоғамдық орында  шемішке  қалдығын  жерге  тастаған, сөйтіп  ортақ  пайдалану  орнын ластап,  қоғамдық  тәртіпті  бұзып, қоғамдық  орында төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген.

Құқық бұзушы Е. сот отырысында кінәсін толығымен мойындайтынын көрсетті.

Қылмыстық іс тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылды

24/02/2017

Арал аудандық сотында азамат Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Р. «Атырау-Алматы» бағытына қатынайтын жолаушылар поездының вагонының жолаушысы К- ұялы телефонын жасырын жымқырып, оған 72 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

«Ашық есік күні» өтті

24/02/2017

Бүгін Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шара барысында студенттер сот отырыстарының мәжіліс залдарында болып, «Төрелік» ақпараттық жүйесімен, «Сот кабинеті» сервисімен танысты.

Сот төрағасы М.Ибрашев студенттермен әңгімелесіп, сот процестерінде аудио-бейне жазбалардың қолданылуы және ақпараттық киоскілердің жұмыстарының тәртібі туралы түсіндірді.

Сот талапкердің талап арызын қанағаттандырды

24/02/2017

Талапкер К. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотына талап арыз беріп, онда жауапкер М. арасындағы заңды некеден  кәмелетке толмаған екі баласы бар  екенін, сот шешіміне сәйкес заңды неке бұзылғанын, казіргі кезде екі  баласы  өзімен бірге тұратынын, балдары анасынан бас  тартқан, сөйтіп кәмелетке  толмаған балдарының тұрғылықты мекен-жайын әкесімен бірге деп белгілеуді сұрады.

Талап арыз қанағаттандырылды

24/02/2017

Қызылорда қалалық сотында талап қоюшы К. жауапкер екінші дәрежелі банктің несие беру шартындағы 3.b.  тармағын заңсыз деп тану, ақшаны және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта талап қоюшы мен жауапкер арасында банктік несие беру шарты жасақталып, шарттың 8.3 тармағында банктік несие рәсімдеу қызметтерін көрсетуге байланысты берілетін несие сомасынан 1,0% комиссия ұстап қалу көзделгені анықталды.